Құрылымы
Онкология диспансері 245 кереуетте ашылған. Диспансер құрамында 15 бөлімше қызмет атқарады:
|
Стационардың жаңа ғимаратында бөлек санитарлы бөлмелі бір және екі орындық жайлы бөлме, әлемдік стандарттарға сай заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған., 7 операция блогы және 12 кереуеттік реанимация бөлімшесі бар.
Онкологиялық науқастарға емдеудің хирургиялық, химиотерапиялық, сәулелі, құрамдас және кешенді әдістері жасалынады.
Онкология диспансері емханасында жыл сайын халыққа амбулаторлы-диагностикалық және консультативтік қызмет көрсетіледі. Қабылдау онкологтан басқа, (тамырлы хирург, невропатолог, эндокринолог, ЛОР дәрігер, нейрохирург) сияқты мамандармен жүргізіледі.
Патоморфология қызметі толық көлемде қызмет көрсетеді және заманауи жабдықтармен жабдықталған. Гарвард медицина мектебі және басқа әлем патоморфологиялық қызметтердің тәжірибесі мен жетістіктеріне негізделіп, электронды микроскопия, иммуногистохимиялық зерттеу, тіндік өсірінді, ісіктердің терапиялық, дәрілік және сәулелі патоморфозын зерттеу әдістері тәптіпке келітірілген және жетілдірілуде; мүшенің зақымданғын белгілі көлемі мен шегін және көршілес анатомиялық құрылымдар және лимфалық метастаздану аумақтық жолдарымен байланысқан сұрақтарды шешу үшін экспресс-гистологиялық зерттеу тәртіпке келітірілген.
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкология диспансері» МКК Астана қаласы халқына және Қазақстан Республикасы басқа облыстарынан келу бойынша амбулаторлық-емхана және стационарлы қызмет көрсетеді. Мемлекет қамқорлығы арқасында диагностика және емдеу тегін. Осымен қоса, емдеу мекемесі пациенттін қалауы бойынша ақылы қызмет көрсетеді. Ақылы қызмет тізімі Сізге ұсынылады:
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкология диспансері» МКК бойынша тегін медициналық көмектін кеплдік берілген көлемі туралы ақпарат