ГККП «Онкологический диспансер»
Басты бет Бас және мойын ісіктері

Бас және мойын ісіктері

 

Астана қаласының Онкология орталығында 2012 жылғы 1 қазаннан бастап                       республикада екінші болып 20 кереуетке арналған бас және мойын ісіктерінің хирургиясы бөлімшесі ашылды. Бөлімшені бас және мойын ісіктерінің онкохирургы, медициналық ғылымдар кандидаты Дәурен Ғалымұлы Әділбай басқарды.

2014 жылдың шілде айынан бастап бөлімше меңгерушісі болып онкохирург дәрігер Дархан  Нағыcханұлы Ахмедин тағайындалды.

Бас және мойын ісіктеріне ЛОР мүшелерінде орналасқан, бет-жақсүйек облысындағы және қалқанша безі ісіктері жатады.

Сондай-ақ, бөлімше көмей, көмей-жұтқыншақ, ауыз-жұтқыншақ обырларының, ауыз қуысы, мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ, бассүйек түбі, көзшара, бас және мойын терісі, қалқанша безі және мойын тіндері обырының хирургиялық емімен және реконструкциясымен айналысады. Қазіргі таңда бөлімше көмей резекциясы, ауыз қуысының және жұтқыншақтың көлемді резекциясы, ларингоэктомия, қалқанша безінің операциялары, лимфодиссекция сияқты хирургиялық араласулардың барлық түрлерін жасайды. Сонымен қатар бөлімшеде Karl Zeiss және Leica операциялық микроскоптарды қолдана отырып, микрохирургиялық тамырлық-жүйкелік анастомозды салумен бос қиықтар пластикасы жасалады. Бұл жұту, сөйлеу және дауыс актілерін қайта қалпына келтірумен бас және мойын облысындағы кез келген кемістіктерді түзетуге мүмкіндік береді. Бөлімше мамандары Алматы қаласының ҚазОРҒЗИ-да, Ресейдің, Еуропаның, АҚШ-ның алдыңғы қатарлы онкология орталықтарында тағылымдамадан өтті.

Онкохирургтер:

- Иванченко Евгений Викторович – бірінші санатты дәрігер, Ли Денис Владиславович – екінші санатты дәрігер, Амандосова Айжан Нургалиевна.


 
Бас дәрігердің блогы

BLOG

Тулеутаев Мухтар Есенжанович

Бас дәрігерге жазу

Кіру формасы

bg

 

pol

_______________________

 

mz

uz

sk

astana

zoj

med

e

zoj