Жаңалықтар
ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК
Бүкіләлемдік онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау күні қарсаңында 2016 жылдың ақпан айының 1-і мен 10-ы аралығында онкүндік өткізу жөнінде ақпарат
Айлық өткізу жоспары жасалып, ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК бас дәрігері М.Е.Тулеутаевпен бекітілген. Бұл бұйрықпен, онкүндікті өткізу бойынша шаралар жоспары және тұжырымдамасымен ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК бөлімше меңгерушілері, аға мейірбикелер таныстырылған.
4 ақпан сағат 11:00-де СӨСҚО және ДСБ жетекшілігімен «Біздің қолымыздан келеді. Менің қолымнан келеді!» тақырыбында журналистердің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Шараға 36 адам қатысты. Онкология орталығының дәрігерлері флешмоб өткізді. Оған 130 адам қатысты.
2016 жылдың 9 ақпанында сағат 11:00-де «Обыр ауруларының алдын алу мақсатында склинингтік тексерістен өткізу» тақырыбында 62 адам қатысқан қалалық семинар ұйымдастырылды.
Шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 1-10 ақпаны аралығында семинар сабақтар өткізілді:
«Достық» отбасылық денсаулық орталығында 02.02.2016 жылы сағат 10:00-де «Сүт безі обыры», «Тері обыры» тақырыптарында өткен семинар-сабақта лектор онкомамолог, бас дәрігердің ЕАА жұмысы жөніндегі орынбасары Б.С Оразбеков қатерлі дерттің алдын алуға қатысты маңызды деректермен бөлісті. Шараға қатысушылар саны 34 адамды құрады.
ШЖҚ Қалалық туберклезге қарсы диспансер МКК-да 02.02.2016 жылы сағат 16:00-де «Сүт безі обырын ерте анықтау және оның алдын алу», «Тері обыры» тақырыптарында бас дәрігердің ЕАА жұмысы жөніндегі орынбасары Б.С Оразбеков хабарлама жасап, құнды мәліметтерді ортаға салды. Семинар-сабаққа 39 адам қатысты.
2016 жылдың 3 ақпанындағы ШЖҚ «Онкологиялық диспансер» МКК ашық есік күнінде 49 адам қаралды.
04.02.2016 жылы сағат 15:00-де №1 ОМ ұйымдастырылған «АҚТҚ-ның алдын алу. Вакцинация», «Жатыр мойыншағы обыры» тақырыптарындағы семинар-сабақта онкогинеколог, гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Д.К.Кенбаева оқушыларға мұндай дертке тап болмас үшін қандай қағидаларды ұстану қажеттігі жөнінде айтты. Шараға 52 адам қатысты.
ШЖҚ № 2 қалалық емхана МКК 4.02.16 жылы сағат 15:00-де «Асқазан-ішек жолдары обыры. Бауыр обыры»,«Тері обыры.Меланома», «Ауыз қуысы обыры» тақырыптарындағы семинарда онкомамолог Д.Г.Удовенко,Е.ВИванчено қатысушыларды мазалаған сұрақтарға жауап берді. Семинарға 34 адам тыңдаушы ретінде қатысты.
ШЖҚ № 3 қалалық емхана МКК 5.02.16 жылы сағат 15:00-де онкомамолог М.Х Омаров «Сүт безі обыры» тақырыбын баяндады. Семинар-сабаққа 36 адам қатысты.
№21 ОМ.08.02.2016 жылы сағат 18-30-да «АҚТҚ-ның алдын ал» «Жатыр мойыншағы обыры» тақырыптарында лектор онкогинеколог Ф.Т Септенова қатысушыларды жоғарыда аталған аурулар сипаттарымен таныстырды. Оған 14 адам қатысты.
ШЖҚ № 6 қалалық емхана МКК 4.02.16 жылы сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін емхана пациенттерін қарау мен оларға кеңес беру өткізілді. Бөлімше меңгерушісі Ж.А.Есмағамбетов жетекшілік жасаған шарадан 9 пациент кеңес алды.
Онкүндік барысында мамандар келесі шараларды ұйымдастырды: дәрігер М.Д. Медубаева, А.Н.Амандосовалар «Жатыр мойыншағы обырының алдын алу», «Ауыз қуысы обырын ерте анықтау» тақырыптарында 51 адам қатысқан жиындар өткізді.
ШЖҚ № 7 қалалық емхана МКК 8.02.16 жылы сағат 15:00-де «Сүт безі обыры», «Визуалды оқшауланатын онкологиялық ауруларды ерте анықтау» тақырыбында онкомамолог И.Рутжанулы шараға қатысқан 45 адамға аталған аурулар жөнінде толыққанды мағлұмат берді.
ШЖҚ № 9 қалалық емхана МКК 9.02.16 жылы сағат 15:00-де «Сүт безі обыры », Ауыз қуысы обыры, Қалқанша без обыры» тақырыптарында онкомамолог Жаппаров Е И.,Ахмедин Д.Н. баяндамашы болып, сөз сөйледі. Шараға 23 адам қатысты.
ШЖҚ № 10 қалалық емхана МКК 10.02.16 жылы сағат 15:00-де «Сүт безі обыры» тақырыбында лектор онкохирург Е.И Жаппаров қатысушыларға ақпарат берді.Шараға 21 адам қатысты.
№35 ОМ.05.02.2016 жылы сағат 19:00-де «ВПЧ алдын алу,Вакцинация», «Жатыр мойыншағы обыры» тақырыптарында өткен семинарда онкогинеколог Л.Т. Козгамбаева қатысушыларды обыр дертінің қауіпінен хабардар етті. Шараға 35 адам қатысты.
ШЖҚ № 2 Қалалық балалар ауруханасы МКК . 05.02.2016 жылы 9-00-де «Сүт безі обырының алдын алу» тақырыбында бас дәрігердің ЕЖ жөніндегі орынбасары Оразбеков Б.С баяндама жасады, семинар-кеңеске– 55 адам қатысты.
«Шапағат» отбасылық денсаулық орталығы 08.02.2016 жылы сағат 15-00-де онкомамолог Ермагамбетовым А.Т мен онкохирург Омаров Е.Д. семинар өткізді, оған 13 адам қатысты.
Шипагер отбасылық денсаулық орталығы 08.02.2016 ж. 15:00:« Сүт безі обыры»,«Жатыр мойыншағы обыры» тақырыптарында онкоуролог Давранов А.Ж.,онкогинеколог Макишев М.Е. баяндама жасады. Шараға 30 адам қатысты.
«Демеу» ОДА 05.02.2016ж. 9-00 до 12-00 пациенттерді қарау жүргізілді. 13 адам қаралды. Онкохирург Досан С.С. 12-00-13- 00 «Өкпе обыры», лектор операциялық блок меңгерушісі Ушаков С.А Семинарға 30 адам қатысты.
ШЖҚ Қалалық инфекциялық аурухана МКК 08.02.2016 жылы сағат 15-00 цитология бөлімшесінің меңгерушісі Анарбековой Н.Т өткізген семинарға 18 адам қатысты.
Казгидромед орталығы 08.02.2016 жылы сағат 16-00 «Сүт безі обыры. Тері обыры. Жатыр мойыншағы обыры» тақырыбында ұйым қызметкерлері үшін семинар өткізілді. Лектор Бас дәрігердің ЕІ жөніндегі орынбасары Оразбеков Б.С, онкогинеколог Козгамбаева Л.Т., Шарада – 69 адам қаралды.
«Керуен» СО 10.02.2016 жылы сағат 15-00 пациенттерді қарау мен оларға кеңес беру жүргізілді. 20 адам қаралды, Онкологиялықь орталықтың 35 студенті флешмоб өткізді.
Астана қ. ШЖҚ «Қалалық онкологиялық орталық» МКК 01.02. мен 10.02.2016 ж. онкүндік бойынша есебі
Нозоло гиясы |
Обыр анықталды |
Саты бойынша
|
Сапалы жаңа өспелер |
Басқа созылмалы аурулар |
Басқа соматикалық аурулар |
Қаз О және Р ҒЗИ жіберілгендер |
||
I-II |
III |
IV |
||||||
Сүт безі обыры |
2 |
1 |
1 |
64 |
93 |
16 |
||
Асқазан обыры |
2 |
1 |
|
|
2 |
1 |
1 |
1 |
Өңеш обыры |
3 |
1 |
2 |
1 |
2 |
|
1 |
|
Өкпе обыры |
1 |
1 |
1 |
4 |
3 |
|||
Тері обыры |
6 |
2 |
|
1 |
38 |
10 |
2 |
1 |
ЛГМ |
|
|
|
|
|
|||
Жатыр мойыны обыры |
1 |
1 |
1 |
21 |
13 |
|
||
Жатыр денесі обыры |
|
|
4 |
|
|
|
||
Аналық без обыры |
1 |
1 |
|
8 |
|
|
|
|
Бауыр обыры |
|
|
6 |
|
|
|
||
Трофобластикалық ауру |
1 |
|
|
|
2 |
|
|
|
Тоқ ішек |
|
|
|
|
|
|
||
Қуықалды без обыры |
1 |
|
|
|
4 |
2 |
3 |
25 |
Барлығы |
18 |
6 |
5 |
4 |
165 |
119 |
6 |
47 |
Астана қаласы бойынша анықталған патология
№ |
Анықталған патология |
Барлығы облыс бойынша |
Оның ішінде |
||
ООД |
ОАА |
ЕПМ |
|||
1 |
Қатерлі ісіктер, оның ішінде Локализация бойынша Өкпе обыры Сүт безі обыры Асқазан обыры Өңеш обыры Тік ішек обыры Тоқ ішек обыры Тері обыры ЛГМ Жатыр мойыншағы обыры Жатыр денесі обыры Аналық без обыры Трофобластикалық ауру Сүт безі обыры |
1
|
1
1
4
1 1 |
|
1
1
|
2 |
Сапалы ісіктер, оның ішінде Сүт безі Жатыр мойыншағы |
23 10 16 |
6 |
|
12 2 |
3 |
Созылмалы аурулар |
8 |
1 |
|
2 |
4 |
Басқа да соматикалық аурулар |
58 |
15 |
18 |
Қазақстан-2,Хабар,Астана,Казах ТВ,24 KZ(бас дәрігер Тулеутаев М.Е,
Жаппаров Е.И) Вечерняя Астана. Барлығы ТВ-8,мақала -1 «Медицина для Вас»,Баспасөз конференциясы -1/36,қалалық семинар-1/62,акция-3/220,семинар-16/548,лекциялар-5/120,ашық есік күндері -15/534.
Бас дәрігер Тулеутаев М.Е
Орынд.Шагирова С.К.
АПВ вакциналауы бойынша баспасөз конференциясын өткізу туралы ақпарат
Астана қаласының Онкология орталығы «Халықаралық медициналық құқық» қоғамдық бірлестікпен бірлесіп, 2015 жылғы 17 қыркүйекте сағат 14.00-де Астана қаласы Онкология орталығының мәжіліс залында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Денсаулық сақтау басқармасының, Білім басқармасының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломасы вирусына қарсы иммунитеттеу бағдарламасын ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы тәжірибе» атты баспасөз конференциясын өткізді.
Бұл шараның басты мақсаты – қоғамды Қазақстанның қыздары мен әйелдерінің болашағына қажетті жатыр мойны обырының алдын-алу үшін вакциналаудың артықшылықтары туралы ақпараттандыру.
Жатыр мойны обыры (ЖМО) қатерлі ісіктердің ең көп тараған түрі боп табылады. Барлық қатерлі ісіктер арасында 5 орынды және әйелдердегі обырлардың арасында 3 орынды (сүт безі обырынан және тері обырынан кейін) иелене отырып, ЖМО әйелдердегі барлық обырлардың 9,2% құрайды. Әйелдердегі обырлар арасында өлім-жітім бойынша жатыр мойны обыры 10 орында.
Жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломасы вирусы (АПВ). Халықтың хабардарлығының деңгейі төмен болуы салдарынан бұл аурудың өсуіне әкеледі (АПВ жатыр мойны обырын тудыратынын әйелдердің 2% ғана біледі). ДДҰ мәліметтері бойынша, 15-54 жастағы әйелдердегі жыныс органдардың қатерлі ісіктері арасында ЖМОбірінші орында. Жыл сайын Қазақстанда 1700-ден артық әйел бұл ауруға шалдығады, олардың 600-ден астамы көз жұмады.
Баспасөз конференцияға бас дәрігер, Астана қаласы Онкология орталығының алдыңғы қатарлы онкогинеколог мамандары, ҚР ДСӘДМ өкілдері, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры, қала емханаларының бас дәрігерлері, Білім басқармасының өкілдері, қала мектептерінің директорлары, медициналық қызметкерлері, ата-ана комитеттерінің және БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушылар саны – 60 адам (оның ішінде қаланың 34 мектеп өкілі) Қатысушылар және сөз сөйлеудің қысқаша тезистері:
Тақырыбы: Жатыр мойны обырының алдын-алу |
Бас және мойын ісігіне қарсы күрес
Биыл 27 шілде күні бүкіл әлем Бас және мойын ісігіне қарсы күрес күнін атап өтпек. Көптеген адамдарға белгісіз бұл қатерлі ісіктер әлемде ауру-сырқаулық бойынша 6 орынға ие. Жыл сайын әлемде бас және мойын ісігі ауруына 500 000-нан астам шалдығып, оның 270 000-ы көз жұмады. Бас және мойыны ісігі - бас және мойын тұсындағы бас және жұлыннан басқа барлық қатерлі ісіктердің жалпы термині. Оған ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмейдің, қалқанша безінің, гайморой қуысының, төменгі жақсүйектің обыры, т.б. жатады.
Қазақстанда бұл ауруға ондаған мың адамдар шалдыққан, бұлардың көбі науқастың өзіне ғана емес, жақындарына, айналасындағы адамдарға да көрінетін соңғы сатыларда ғана анықталады.
Практика показывает, что пациенты с указанной патологией , как правило, обращаются к специалистам онкологам на более поздних стадиях заболевания, тогда как эффективность лечения зависит от срока диагностики лечения.
Бас және мойын қатерлі ісіктерінің ерте диагностикасы және тиімді емдеуіне қатысты шетелдік тәжірибеге сүйенсек, шектес мамандардың -стоматологтардың, ЛОР-дәрігерлердің – аталмыш аурулардың алғашқы белгілері туралы хабардар болуының да маңызы зор. Осы мақсатта Бас және мойын қатерлі ісіктерінің ерте диагностикасы апталықтары ұйымдастырылуда. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, шектес мамандарды ақпараттандыру үшін стоматологтарға, ЛОР-дәрігерлерге, сонымен қатар онкологтарға және жақсүйек-бет хирургтарына арналған оқыту семинарлары жоспарланды.
Оқыту конференциясының тақырыбы: «Бас және мойын тұсындағы қатерлі ісіктердің ерте диагностикасының көпбейінді әдістері»
Бас және мойын ісігіне қарсы күрес күні қарсаңында 10 – 21 тамыз аралығында сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін астана қаласының емханаларында Ашық есік күндері өткізіледі. Онкология орталығы бас және мойын ісігі бөлімшесінің мамандары емханалардың арнайы жабдықталған кабинеттерінде тегін қабылдау жүргізеді.
11 медициналық ұйымда семинарлар өткізілді, консультациялық қараумен 60 адам қамтылды, 9 адамда ісікалды аурулары анықталып, қала стационарларына жолданды.
28 тамыз күні сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін Онкология орталығында Бас және мойын қатерлі ісіктерінің ерте диагностикасы бойынша оқыту семинары өткізілді. ЛОР-дәрігерлер, стоматологтар, жақсүйек-бет хирургтері, онкологтра, жекеменшік орталықтары шақырылды.
143 адам қатысып, олардың ішінде 53 стоматолог дәрігер Астана қаласының жекеменшік орталықтарынан келді.
Өткізу орны: Астана қаласы, Манас көшесі, 17 мекен-жайында орналасқан Онкология орталығының мәжіліс-залы
Конференцияның ұйымдастырушылары:
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Алматы қ.
Астана қаласы әкімдігінің Онкология орталығы
Ақпараттық қолдау «ВИВА Фарм», «Мерк Сероно» компаниялары
Ашу. Алғысөз
1. М.Е.Тулеутаев – м.ғ.к. Онкология орталығының бас дәрігері.
«Қазақстан халқы арасында көзге көрінетін қатерлі ісіктердің асқынған кезеңде айқындалуының себептерін талдау»
2. Д.Н.Ахмедин – бас және мойын ісіктері бөлімшесінің меңгерушісі
«Стоматолог дәрігерлердің онкологиялық сақтығы және бас-мойын қатерлі ісіктерінің ерте диагностикасындағы көпбейінді әдістердің өзектілігі»
3. А.Т.Жангереев – Астана қаласының бас стоматологы
«ЛОР-органдары қатері ісіктерінің ерте диагностикасының принциптері. Клиника және диагностика»
4. Г.А.Мухамадиева – м.ғ.д. профессор Астана қаласының бас ЛОР-дәрігері Пікірталас
Бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы хабарлама
«Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК-нда бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Манас көшесі, 17 үй,
тел. 56-01-55 Ресми сайты - www.onko-astana.kz.
Бақылау кеңесі мүшелеріне байланысты талаптар:
1) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметтегі (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;
3) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері;
4) мемлекеттік мекемелердің штаттық қызметкерлері санының өкілдері;
5) Парламенттің және жергілікті өкілді органның депутаттары;
6) білім беру, ғылым немесе денсаулық сақтау салаларындағы кәсіпорынның жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін осы кәсіпорынға демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсететін жеке кәсіпкерлер;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі болуын қамтиды.»;
Құжаттар тізімі:
1) Байқауға қатысу өтініші
2) Еркін нысанда жазылған өмірбаян
3) Төлқұжатының көшірмесі
4) Жоғары білімі туралы құжатының көшірмесі
5) Еңбек кітапшасының, еңбек келісімшартының немесе жұмысқа алу және жұмыстан босату туралы бұйрықтар көшірмесі
6) Қазақстан республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімдерінде берілген соттылығы жоқ екендігін және жемқорлық заң бұзушылығы жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар
Байқаудың өтетін орны –Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі 11, каб.418
Байқаудың басталу күні –_______ жыл
Байқаудың аяқталу күні – _________жыл (30 күн)
Астана қаласының онкологиялық диспансері 2014 жылғы 29 мамырда Х.Мұнайтпасов атындағы Орталық стадионда спорттың үш тірі бойынша қаланың медициналық мекемелерінің қызметкерлері арасында өткізілген бұқаралық спорттық шараға қатысты.
1) гір спорты (16-дық екі гір бойынша) – әр топтан салмақ дәрежесі әртүрлі екі ер адамнан;
2) 4/4х100м жеңіл атлетика эстафетасы- 4 әйел адамнан және 4 ер адамнан;
3) арқан тарту - 5 әйел адамнан және 5 ер адамнан қатысты;
Гір спорты бойынша І-орын және 4/4х100м жеңіл атлетика эстафетасы бойынша ІІІ-орын алды.
Астана қаласаның Онкологиялық диспансерінде 2014 жылғы 29 мамырда алғаш рет соңғы жылдарда «T3NхM0 III кезеңдегі бауыр обыры» диагнозындағы емделушіге D2 лимфодиссекциясының оң жақтағы гемигепатэктомиясына ота жасалды. Операторы профессор Макишев Абай Кайыргожинович, ассистенттері: Маулетбаев Марат Серикович және Штефанов Иван Иванович.
Соңғы жылдардағы инновациялық техникалардың дамуы арқасында қатерлі ісіктерді емдеудің инновациялық әдістерін енгізу мен құрастыру мүмкін болды.
Қазіргі таңда обырды емдеуде ісікке жергілікті әсер ету әдісі, оның ішінде эимиоэмболизация бірден-бір ұтымды бағыт болып табылады. Химиоэмболизация тиісті көрсеткіштер болған кезде емдеудің жеке әдісі ретінде де, сонымен қатар емдеудің басқа әдістері таргетті және жүйелі химиотерапия, сәулелі терапия және емдеудің хирургиялық әдістерімен бірігіп тиімді қолданылады.
Қатерлі ісіктің әр түріндегі химиоэмболизацияныі әдісі өткен ғасырдың 70 жылдарының бсында практикаға енгізіліп, қазіргі күні бүкіл әлемде оның ішінде Қазақстанда ойдағыдай қолданылып келеді.
2014 жылғы 30 мамырда Satcor компаниясының қолдауы мен Астана қаласының Онкологиялық диспансері базасында «Онкологиядағы интервенциялық радиология» тақырыбында шеберлік-классы өткізілді. Шеберлік-классы аясында ОҚО ООД химиотерапия және эндоваскулярлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, ОҚМФА ДБФ-нің онкология кафедрасының доценті, Қазақстандық интервенциалды кардиологтар мен рентгенхирургтарының Республикалық қоғамының вице-президенті, м.ғ.к. Арыбжанов Давранбек Турсункуловичтың қатысуымен жатыр мойнағы обыры мен бауыр обыры кезіндегі химиоэмболизацияға 3 ота жасылып, біздің емханада аталған әдістемені өткізудің бастамасын салды.
Біздің емханада жатыр мойнағы обыры, бауырдың алғашқы ісіктері және нейроэндокрининкті обырдың метастезасы (оның ішінде карциноида) мен бауырдың колоректальды обырының қатерлі ісіктерге кезінде химиоинфузды және химиоэмболизациялы аймақтық әдісін қолданамыз. Сондай-ақ жатыр миомасы кезінде жатыр артериясының эмболизациясы өткізіледі.
Манукян Сероб Ашотович 2014 жылдан бастап Астана қаласының Онкологиялық диспансерінде рентгенхирург болып жұмыс істейді.
2005 жыл мен 2011 жыл аралығында Мхитара Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медициналық университетінде білім алды.
2011 жыл мен 2013 жыл аралығында А.Н. Бакулева атындағы жүрек-тамыр хирургиясының ғылыми орталығының (РФ, Москва қаласы) базасында «Емдеу мен диагностиканың эндоваскулярлы әдістері» мамандығы бойынша ординатурадан өтті.
Астана қаласы Онкология диспансерінде 2013 жылдың 8-9 ақпаны аралығында «Онкологиядағы жаңа диагностикалық және емдеу технологиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция мақсаты Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдардағы онкологиялық қызметті дамыту бағдарламасын іске асыру. Обырдын негізгі нысандарын диагностикалау және емдеу саласында озық тәжірибемен алмасу.
Осы конференцияға қатысу үшін Еуропа, ТМД елдерінің онкология саласындағы дүниежүзілік беделді жетекші мамандары, Онкология диспансерлерінің бас дәрігерлері мен біздің республиканың радиологтары шақырылған.
2013 жылдың 15 ақпанында Астана қаласында «Қуық түбі безі обырын хирургиялық және дәрілік емдеудегі заманауи көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция мақсаты обырдын негізгі нысандарын диагностикалау және емдеу саласында озық тәжірибемен алмасу, жас онкологтар және АММК дәрігерлерін тәжірибелік оқыту, халықаралық кәсіби байланыстарды дамыту. Басты назар алдын алу, ерте диагностика, онкодерттердін тиімді емдеу үшін жаңа тәсілдер және препараттар қолдану, сонымен қатар пациенттерге оңалту және паллиативті көмек көрсету мәселелеріне аударылады.
Осы конференцияға қатысу үшін Қазақстан және ТМД елдерінің онкология саласындағы дүниежүзілік беделді жетекші мамандары шақырылған. Конференция бағдарламасы онкологиялық ғылымының және тәжірибесінің заманауи сұрақтары мен жетістіктерін қамтиды.
Халықаралық әріптестік және инновациялық қызмет.
Қазіргі таңда Массачусеттік Жалпы Госпиталінің Обыр Орталығымен (Бостон қаласы, АҚШ), Мәскеу қаласындағы Н.Н.Блохин атындағы Онкологиялық Орталық (онкодиспансердің 5 ғылым докторы осы орталықтың түлектері) және ТМД, Германия, Түркия, Франция елдерінің Ұлттық Онкологиялық Орталықтарымен тығыз байланыста. Онкологияға арналған жүйелі ғылыми форум кезінде жаңадан қатерлі ісіктердің жаңа түрлерін емдеудің өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысамыз.
Онкологияда инновациялық технологияларды ендіру жоспарында біздің тәжірибеге Массачусеттік Жалпы Госпиталінің Обыр Орталығы ұсынысына сәйкес емшек безі обырында ағзаны сақтау операциялары, эндобейнеторако-лапароскопиялық операциялары секілді әдістер, сүйек тіндерінің кең ақауларының орнына сүйек цементі және буындарға эндопротездеуді пайдалану, ультрадыбысты диссектор, аргон және гелийплазмалы скальпелдер, бір пайдаланылатын атравматикалық тігінді материалдардың барлық түрлері, реанимациялық бөлімше жағдайына кардиомониторинг және пульсоксиметрия жасауға қазіргі заманғы кардио-респираторлы құралдары енгізілген.