Емхана
Емхана диспансердің құрылымдық бөлімшесі болып саналады, обыр алды аурулары және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға консультативтік-диагностикалық мамандандырылған амбулаторлық көмек көрсетіледі.
Бөлімше 1963 жылы құрылған. Емхананың бірінші меңгерушісі онкогинеколог Эйнгорн Пайя Ильинична. Кейін емханаға Г.В. Колосова, В.Г. Мельченко, Б.К. Әбілсеитова, С.О. Данияров, Г.Д. Мальцева, Ю.В. Жуков, К.Ж. Жампеисов басшылық жасады.
1997-2010 жылдар аралағында емхана 5 қабатты онкологиялық диспансердің 1 қабатында орналасты, бір ауысымда 100 қабылдауға есептелінді. Стационар 2010 жылы жаңа ғимаратқа қоныстанғаннан кейін бүгінгі күні емхана бір кезеңде 380-ге дейін қабылдау жүргізуге мүмкіндік алып, онкологиялық диспансердің 5 қабатты ескі корпусына толықтай иелік етті.
Диспансер бөлімшесін – Астана қаласының бас онкомаммологі Жаппаров Ербол Исмайылұлы басқарды.
Емхана қызметінің негізгі мақсаты қала халқына онкологиялық қызмет мәселелері бойынша диагностика жасау, емдеу-алдын алу жұмыстарын жүргізу, ұйымдастыру-әдістемелік және мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.
Қабылдау дәрігерлердің жолдамасы арқылы территориялық емханаларда жүзеге асырылады.
Емхана онкологиялық ауруларды алдын ала анықтай алатын және оларды дер кезінде мамандандырылған ем қабылдауға жөнелтетін заманауй медициналық аппаратурамен, құрал жабдықтармен жабдықталған.
Емханада ұзақ жылдар бойыонкохирург, жоғары санатты дәрігер, ҚР денсаулық сақтау үздігі – Татиков Тілектес Майканұлы, жоғарғы санатты мейірбике, ҚР денсаулық сақтау үздігі – Иманова Сәуле Арднашитқызы, Оразбекова Алтынай Нүркенқызы – жоғарғы санатты мейірбике, Морозова Роза Ражеповна – жоғарғы санатты мейірбике, бірінші санатты мейірбике – Седова Клара Фрицовна қызмет атқарады.
Қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
- онкохирургтер: Сағидолдин Секен Сағидолдаұлы – жоғары санатты дәрігер, ҚР денсаулық сақтау үздігі, Ли Денис Владиславович – екінші санатты дәрігер, Түсіпбеков Ерлан Нұрмұқанбетұлы, Досан Болысбек Онласқанұлы, Мустафина Дана Болатовна, Ермагамбетова Алия Туйебаевна, Шапатова Мадина Амержанқызы;
- онкомаммологтар: Қамалбаев Қуаныш Қамалбайұлы, Байтақов Ренат Тастанбекұлы, Акашева Дамира Мейрамбековна;
- онкогинекологтар: Өкпенова Айша Мырзамбекқызы – жоғары санатты дәрігер, Сүйлеменова Айша Нұрханқызы, Септенова Мәдина Дүйсенбайқызы; Септенова Фарида Тоқтарқызы;
- онкоурологтар: м.ғ.к. Давранов Анвар Жәңгірұлы, Омарбеков Арман Капарович;
- онколог-ортопед: м.ғ.к. Дүйсембаев Әділет Қизатұлы;
- химиотерапевт: Сейтімбекова Гүлназ Асқарқызы; Жусупов Жалел Какимович;
- радиолог: Кухаренко Людмила Александровна;
- нейрохирург: Махмутов Хамитбек Махмутұлы;
- терапевт: Махмутова Майраш Шотбайқызы.