ГККП «Онкологический диспансер»
Басты бет Клиникалық диагностика зертханасы

Клиникалық диагностика зертханасы

Зертхана 1955 жылы ашылды. 1991 жылға дейін клинико-цитологиялық зертхана аталып, диспансер негізінде орталықтандырылған цитологиялық зертхана құрылғаннан кейін клинико-диагностикалық зертхана атына ие болды. 1971 жылдан 1993 жылға дейін КДЗ жоғары санатты дәрігер – лаборант Волкова Л.Д басқарды. 1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін КДЗ жоғары санатты дәрігер зертханашы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі Жолымбетова Бақыт Елтайқызы басқарып келеді.

Клинико-диагностикалық зертхана жоғары санатты және нақты нәтижелерімен кепілдендіретін заманға сай құрал-жабдықтармен қамптамасыз етілген. Зертхана әлемдік алдынғы  қатарлы өндірушілердің (Siemens, Roche, Karl Zeiss) инновациялық зертханалық технологияның көмегімен кең спектірлі зерттеулер жүргізіледі:

-          қанның 21 параметрін анықтауға мүмкіндік беретін гемотологиялық анализаторларда қанның жалпы сараптамасын жасау;

-          биохимиялық анализ РЭА, СА 15-3, СА 125, СА 19-2, СА 72-4, АФП, ХГЧ, Сyfra 21-1, S 100, NSE онкомаркерлерін, қалқанша без гармондарын, В және С гепатиттерінің маркерлерін анықтау;

-          қан газдарын электролиттерін, оксиметрия мен метаболизм көрсеткіштерін анықтау;

-          қан ұю жүйесінің көрсеткіштерін анықтау.

Клинико-диагностикалық зертхана реанимация бөлімі құрамындағы экспресс

зертхананың тәуліктік жұмысын қамптамасыз етеді.

2011 жылы зертхана сыртқы сапа бақылау халықаралық бағдарламасына қатысу

нәтижелері бойынша сертификат иеленді.

Зертханада қызмет атқарады:

-          екінші санатты дәрігер – зертханашы Ақмолдаева Айнұр Рахымқызы;

-          дәрігер-зертханашылар: Кентаева Алма Үсенқызы, Муслимова Нәзия Мейрамқызы, Бекахметова Диана Бақытқызы, Ускеленова Салтанат Төлеуқызы, Ахметжанова Надира Сұлтанқызы

 
Бас дәрігердің блогы

BLOG

Тулеутаев Мухтар Есенжанович

Бас дәрігерге жазу

Кіру формасы

bg

 

pol

_______________________

 

mz

uz

sk

astana

zoj

med

e

zoj