Қабылдау бөлімшесі
Онкология орталығында емделушілерге қызмет көрсету – маңызды құрылымдық бөлімшелердің бірі саналатын қабылдау бөлімшесінен басталады.
Науқастар емханадағы мамандардың зерттеуі мен консультациясынан және ем қабылдау әдісі анықталғаннан кейін, емделу үшін аурухананың қабылдау бөлімшесіне жіберіледі.
Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі - дәрігер-онколог Сағнаева Айнұр Оразовна.
Астана қаласының Онкология орталығына науқастар Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жоспарлы тәртіп бойынша жіберіледі. Бөлімшенің қарауында: қабылдауға арналған кабинеттер, келіп түскен науқастарды тексеру және оларға бірінші дәрігерлік көмек көрсету. Бұл үшін қабылдап-тарату, ауыр науқастарды қарайтын кабинет бар, онкологиялық санатты ауруларды жоспарлы түрде қабылдайтын жеке кабинет қарастырылған. Мұнда: химиялық терапия, радиология, гинекология, ісік терапиясы, абдоминалды және торакалды хирургия бөлімшелеріне оперативті емдеуге орналастырады.
Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:
- емделуге келген науқастарды дер кезінде қабылдау;
- науқастың ауыр және қауіпті жұқпалы аурумен ауыратындығын анықтап, оларды емдеу үшін тиісті емдеу-алдын алу мекемелеріне бағыттау;
- науқастың жалпы жағдайында баға беру және оған қарастырылған емді өзгертуге мүмкіндік жасау;
- жеке бастың құжаттарын, қажетті анализдер мен нәтижелердің бар болуын тексеру. (жұмыстын телефоны 8-7172-54-92-75),
Бөлімше дәрігерлері: Турганова Зауре Нурсагатовна - онколог дәрігер;
Аппарова Дария Кусмановна – бірінші санатты терапевт дәрігер.