ГККП «Онкологический диспансер»
Басты бет Медициналық мекеме жайлы

Жалпы ақпарат

Астана қаласы онкология орталығы тарихы

Өткен ғасырдың ортасында онкология ұғымы науқастарды кешенді емдеудің түрлі ғылымдар мен әдістерден тұратын тұтас жүйе ретінде анықталатын. Оның қызметіне хирургиялық, сәулелі және дәрі-дәрмектермен емдеу, сонымен қатар науқастарды диспансерлік бақылау кірді. Аталған қызметтер өздерінің ерекшеліктеріне орай жалпы тәжірибелі емханалар қолға жетімсіз болғандықтан, арнайы медициналық мекемелер – онкологиялық диспансерлер құрылды.

Ақмола онкологиялық қызметі 1952 жылы құрылды. Алғашында ол 1-ші қалалық емхананың астыңғы қабатында бір кабинетте ғана орналасқан еді. Қабылдаушы – дәрігер Апфель Семен Исакович. Оның көмекшісі – мейірбике Вельчик. Екі жыл өткен соң төрт дәрігерлік лауазымы мен 15 кереуеті бар Октябрьская к-сі, 78-үй мекенжайы бойынша стационар пайда болды. Сол кезде есепте 480 адам тұрған еді.

1959 жылдан бері стационар 40 кереуетке дейін ұлғайтылды. Қаланың жеті ауданында емханалық қызмет ұйымдастырылып, клиникалық және гистологиялық зертханалар пайда болды. Сол кезде есепте 480 адам тұрған еді.

1959 жылдан бері стационар 40 кереуетке днйін ұлғайтылды. Қаланың жеті ауданында емханалық қызмет ұйымдастырылып, клиникалық және гистологиялық зертханалар пайда болды.

1959-1960 жж – Балкина Гульжамал Абузаевна.

1961-1963 жж – дәрігер-рентгенолог Тихонова Галина Ивановна№

1962 жылы онкологиялық қызметтің дамуына соншалықты қажет болған цитологиялық зертхана ашылды, жоспарда қалалық онкологиялық диспансердің радиологиялық бөлімшесінің ашылуы болды. Еліміздің обылыстарында емдеу, алдын-алу жұмыстарын қадағалау мақсатында аудандар бойынша тәлімгер тағайындалды.

1963-1968 жж онкологиялық диспансер онкохирург Мельченко Василий Гавриловичтің басшылығымен қызмет етеді. Осы аралықта рентген-кабинеті құрылды (РУМ 11 және РУМ 7 рентген құрылғылары сатып алынды), бірінші рет пульманоэктомия жасалып, электрохирургиялық операциялар үшін эндоскопиялық манипуляция (1966 ж эзофогоскоп, цитоскоп сатып алынады) іске қосылады. 1966 жылғы қарай стационарда 70 кереуетке дейін сұраныс туады.

Көп ұзамай диспансер Пушкин және Жангельдин көшелерінің қиылысындағы қызыл кірпішті ғимаратқа көшеді, ел арасында ол «қызыл емхана» деп аталатын. Бұл ғимарат медициналық салтқа бай еді: ол революцияға дейін земстволық емхана болған екен, содан көп жылдар бойы мұнда перзентхана болыпты. Онкологиялық диспансерді 1969-1995 жж аралығында дәрігер-эндоскопист Гаитов Аутжан Садықұлы басқарды.

1970 жылдан бері стационар 75 кереуетке дей»н кеңейтілді. Диагностикалық қызметтің ақырындап жақсаруы халықта қатерлі ісікті ерте анықтауға мүмкіндік туғызды. Осыған орай, 1982 жылы диспансер өзінің қабырғасына 100-ге дейін науқасты сыйғызды.

1985 жылдан бері диспансер Мақтымқұлы көшесі, 5 үй мекенжайы бойынша бес қабатты ғимаратта орналасқан. Ал 1995 жылы қасына радиологиялық корпус салынды.

2006 жылдан бері замануи емдік және диагностикалық құрылғылармен жабдықталған емдік корпустың құрылысы басталды. Ғимарат 2009 жылы пайдалануға берілді.

Кейіннен диспанесрге басшылық еткендер жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог Қоңырбаев Тоқтар Рамазанұлы (1995-1998 жж), жоғарғы санатты онколог-дәрігер Асаубаев Сейітқұл Жексенұлы (1998-2005 жж), медицина ғылымдарының докторы, жоғарғы санаттағы хирург-онколог, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі Шаназаров Насрулла Абдуллаұлы (2005-2008 жж), медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты хирург-онколог, Қазақстан Республикасы Днесаулық сақтау үздігі Макишев Абай Қайырғожаұлы (2008-2010 жж) болды.

2010 жылдан бері диспанесердің бас дәрігері – медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі, денсаулық сақтауды ұйымдастыруы бойынша жоғары санатты дәрігер – Төлеутаев Мұқтар Есенжанұлы.

Қазіргі таңда онкологиялық диспансерде 245 кереует бар. Бұл құрылымға: ісіктерді емдеу терапиясы, торакальды және абдоминальды хирургия бөлімшелері, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, гинекология, химиотерапия, радиология және күндізгі стационар бөлімшелер кіреді. Диспансер қарамағында операционды блок, цитологиялық және клинико-диагностикалық зертханалар, сәулелі диагностика, патологоанатомиялық бөлімше қызмет етуде.

Емханада кеңес беру арқылы көмек көрсету көлемі де өсті. Халыққа маммололог, онкохирург, онкогинеколог, онкоуролог, ЛОР-онколог, онколог-ортопед, балалар онкологы, радиолог, химиотерапевт, нейрохирург, терапевт, стоматолог және психолог сияқты мамандар қызмет көрсетеді.

Емхана заман талабына сай медициналық құрылғылармен жабдықталған, бұл өз кезегінде қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтап, науқасты арнайы емдеуге жіберуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қала тұрғындарына аудандық емханаларда орналасқан жеті онкологиялық кабинеттер қызмет көрсетеді.

Диспаесрдің жаңа ғимаратын пайдалануға бергеннен кейін материалдық-техникалық базасының заманауи стандарттарға сай құрылғылармен жабдықталу толықтай аяқталады.

Диспансерде келесі қызметтер көрсетіледі: хирургиялық, сәулелі, химиотерапиялық емдеу; өңеш жолдарындағы, бауырдағы, өт жолдарындағы, ұйқы безіндегі, асқазандағы, ішперде арты кеңістігіндегі, қуықтағы, әйелдердің жыныс мүшелеріндегі ісікті емдеуде батыл әдістері енгізіліп, қолданылады; көмей, сүт бездеріне операция жасау барысында азға  мүшелерін барынша сақтау бойынша операциялардың барлық түрлері игерілді.

Сонымен қатар, ісікке қарсы арнайы дәрі-дәрмектік емдеу және Қазақстан Республикасында қабылданған диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес жоғары кәсіби деңгейдегі цитастатистикалық, таргеттік, гормонотерапия, сондай-ақ ESMO, ASKO клиникалық ұсынымдары қолданылады.

Дәрігерлердің білімдері мен біліктіліктерін жетілдіру ісіне, онкологиялық ауруларды емдеуде еуропалық стандарттарға сай жаңа технологияларды пайдалануға бас назар аударылады.

Кейінгі бірнеше жылдың ішінде онкологиялық диспаердің дәрігерлері Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Словакия, Оңтүстік Корея, Израиль, Чехия, Австрия, Германия, Швейцария, Италия, Испания, Англия, АҚШ сияқты елдердің белгілі онкологиялық клиникаларында оқып, үйреніп онкологиялық ауруларға диагностика жасау мен емдеудің алдыңғы қаиарлы әдістерімен танысуға мүмкіндік алды.

Астана қаласының онкологиялық қызметі 60 жылда халыққа жоғары білікті мамандандырылған көмек көрсету бойынша нақты игерілген жүйе құра білді, жоғары кәсіби қызметкерлер аурудың алдын алуды, оны ерте анықтауды, қатерлі дертті емдеуді қолда бар жаңа технологияға сүйене отырып табысты жүзеге асыруда.

 
Бас дәрігердің блогы

BLOG

Тулеутаев Мухтар Есенжанович

Бас дәрігерге жазу

Кіру формасы

bg

 

pol

_______________________

 

mz

uz

sk

astana

zoj

med

e

zoj