ГККП «Онкологический диспансер»
Басты бет Гинекология

Гинекология бөлімшесі

 

Гинекология бөлімшесі 1959 жылы құрылды. Бірінші бөлім менгерушісі Пая Ильинична Эйнгорн болды. Кейін әр жылдарда бөлімшені Г.В.Колосова, З.И.Массольд, К.М.Оспанова, К.З.Құсайынов, Б.С.Әлібекова басқарды.

Қазіргі уақытта бөлімше меңгерушісінің міндетін жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының  докторы   Динара Құмаровна Кенбаева атқарады.

Бүгіндері бұл 25 кереуетке кеңейген жеке бөлімше.

Бөлімше әйел ағзасындағы қатерсіз және обыр алды ауруларды емдеуді, диагностика жасауды, емделетін науқастарды бақылауды жүзеге асырады.

Гинекологиялық бөлімше заманға сай диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілген және барлық профильді операцияларды жүргізеді.

Бөлімшенің практикалық жұмыс барысындағы негізгі бағыты лапароскопиялық (іш қуысын зерттеу арқылы) әдіспен емдеу. Бүгінгі таңда көп жылғы тәжірибесі мен дайындық дәрежесі дәрігерлерге төмендегі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:

- азғаларды сақтаушы қосалқы операциялар;

- ана безі ісігі кезінде эндоскопиялық шара қолдану;

- жатыр ішін абляциялау (алып тастау);

- лапароскопиялық сылып тастау;

- лапароскопиялық толықтай сылып тастау;

- радикальді аналық безді сылып тастау, гистерэктомия I, II, III түрлері;

- радикальді вульвэктомия шап-санға біткен ісікті сылу лимфодиссекция;

- аралас операциялар: кіші жамбастың артқы немесе алдыңғы ағзасын ақтармалау экзентерация жасау;

- симультанды операция ілеспелі патология болғанда қажет.

Симультанды эндобейнехирургиялық операциялар хирургиялық патология кезінде қолданылатын әдістің бірі және де қайталап жарақаттаудан сақтайды, емнің тиімділігін арттырып, науқастың өмір сапасын жақсартады.

Мұндай операциялар медициналық мерзімді қысқартып, науқастың әлеуметтік оңалуын жылдамдатады, әрі патогенетикалық негізделген және экономикалық тиімді.

Бөлімше қызметкерлерінің тәжірибесі мол, кәсіби біліктілігі жоғары, басқа мамандық иелерімен ынтымақтасып кешенді емдеу талаптарына үлес қосады.

Онкогинекология дәрігерлері:

- Әлібекова Бақытжан Советқызы – жоғарғы санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты; Козгамбаева Ляззат Таласбаевна – жоғарғы санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты;  Қойшықұлова Мария Нұрқасымқызы – бірінші санатты дәрігер, Септенова Мәдина Дүйсенбайқызы – екінші санатты дәрігер, Макишев М.М.

 

 
Бас дәрігердің блогы

BLOG

Тулеутаев Мухтар Есенжанович

Бас дәрігерге жазу

Кіру формасы

bg

 

pol

_______________________

 

mz

uz

sk

astana

zoj

med

e

zoj