ГККП «Онкологический диспансер»
Басты бет Фотогалерея

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ, РЕАНИМАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІ

 

Реанимациялық бөлімше 1991 жылғы қантар айында 6 кереуеттік болып жұмысын бастады. Бөлімшені жоғары санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог Т.Р. Қоңырбаев басқарды, 1994 жылы бөлімше меңгерушісі болып жоғары санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог  Төлеген Сейілбекұлы Кенже тағайындалды.

Жаңа ғимаратқа қоныс аударғаннан кейін анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (АРҚТБ) жетекші әлем өндірушілері шығарған BBraun, Fresenius, Drager, SiemensNasseti Nihon Kohden, Blue GrosMerivvara, Angelantoni, Metalaredinoxжаңа заманауи аппараттармен жабықталды. Бөлімшенің септикалық және асептикалық бөлімшелерінде 12 жансақтау кереуеттері орналастырылған. Құрылымда қарқынды терапияға арналған оңаша палата, жансақтау залы, жиынтығында 12 мониторы бар емделушілерді бақылайтын орталық станция мен тәуліктік экспресс-зертхана жұмыс істейді. Бөлімше құрамында қан құю кабинеті бар, орталықтан оттегін жіберу қамтамасыз етілген, автономды энергиямен қамтылған. Тәуліктік жұмысты бөлімшенің 10 дәрігер анестезиологы мен реаниматологы, 27 мейірбике қамтамасыз етеді.

Барлық дәрігерлер Американдық әдіс бойынша жүрек-өкпе реанимациясынан (BLS, ACLS, Бостон курсы) мамандандырылған, әртүрлі МВЛ тәсілдерін өткізүді мүлтіксіз орындайды, ауырсынуды басатын әдістемені, орталық күре тамыр мен қан тамырларына сүнгі салу, жұлын ми мен эпидуралды кеңістікті тесу және сүңгі салу, әртүрлі қажет етілген анестезиялық жұмыстарды атқарады. Бөлімше құрамында экстракорпоральды детоксикация әдістерін игерген маман бар.

Бөлімше қызметкерлері Онкология орталығының бүкіл жұмыс істейтін құрылымдарына кеңес беріп, шұғыл көмек көрсетеді.

Анестезиология мен реанимация (АРТҚБ) кафедралары «Астана медициналық университеті» АҚ-ның клиникалық базасы болып саналады. Жыл сайын ғылыми бағыттар бойынша көптеген жұмыстар жүргізіледі, жаңа әдіс-тәсілдер іске асырылады, әртүрлі патологиядағы емделушілердің жүріс-тұрысына, өзін-өзі ұстауына қарай оны емдеудің оңтайлы әдістері мен нұсқалары жасалады.

Бөлімше дәрігерлері анестезиология мен реанимация бойынша Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Украина елдерінің басты клиникаларында білімін жетілдіру курстарынан өтеді.

Бөлімшенің кадрлар құрамы:

-  Мәмбетова Анар Жаңабайқызы – жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер;

-  Мәдиев Харби Заирұлы – жоғары санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог;

-  Құсайынова Жанна Казиқызы – бірінші санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог;

-  Жүнісов Бақытжан Досанұлы – жоғары санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог;

-  Абдухаймов Нурбол Асабаевич – бірінші санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог;

-  Иримбетов Берик Серикович – екінші санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер;

-  Есей Жанболат – екінші санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер;

-  Шаяхметов Айтбай Қожамсейітұлы – жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог     дәрігер;

- Анарбаев Талант Алтынбекович - жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер;

- Қасымов Ержан Какимович - анестезиолог-реаниматолог дәрігер

 

 

    Обновлено (28.09.2015 19:08)

     
    Бас дәрігердің блогы

    BLOG

    Тулеутаев Мухтар Есенжанович

    Бас дәрігерге жазу

    Кіру формасы

    bg

     

    pol

    _______________________

     

    mz

    uz

    sk

    astana

    zoj

    med

    e

    zoj