Басты бет
Астана қаласы Онкология орталығы
Астана қаласы Онкология орталығы қатерлі ісікті науқастарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған қызмет көрсететін медициналық мекеме болып табылады.
Қазіргі кезде онкология орталығы қуаты 245 кереуетті құрайды. Оның құрылымына келесі бөлімшелер кіреді: ісіктер терапиясы, торакалді және абдоминалды хирургия, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, және гинекология, радиология, күндізгі стационар бөлімшелері. Онкология орталығы құрамына операция блогы, цитология және клиникалық диагностика зертхана, сәулелі диагностика бөлімшесі, патоморфология бөлімшелері кіреді. 2012 жылдың наурыз айынан бастап хирургия бөлімшесінің базасында 10 онкологиялық балалар кереуеті қызмет атқарады. Қазан айында «Бас және мойын ісіктері» бөлімшесі ашылған.
Емханадағы консультативті көмек көлемі айтарлықтай көбейген. Диспансер бөлімшесі ауысымда 380 келушіге есептелген, қабылдауды маммолог, онкохирург, онкогинеколог, онкоуролог, ЛОР-онколог, онколог-ортопед, балалар онкологі, радиолог, химиотерапевт, нейрохирург, терапевт, стоматолог және психолог мамандары жүргізеді.
Емханада онкологиялық ауруларды ерте деңгейдегі анықтау және науқастарды дер кезінде мамандандырылған емдеуге жіберуге көмектесетін заманауи медициналық аппаратура және жабдықтармен жабдықталған. Жыл сайын қатерсіз және қатерлі ісіктері бар 7 мыңға жуық пациенттер емдеу алады, емханада 52 мың амбулаторлық науқастарға қызмет көрсетіледі.
Одан басқа, қала халқына жергілікті емханаларда 7 онкология кабинеттері медициналық қызмет көрсетеді.
Онкология орталығының жаңа ғимаратын пайдалануға бергеннен бері, әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық-техникалық базаның қайта жабдықталуы толық аяқталуға жақын.
Онкология орталығында хирургиялық, сәулелі, химиотерапиялық емдеудің заманауи түрлері жасалынады; өңеш, бүйрек, өт қосалқылары, асқазан асты безі, асқазан, іш пердесінің арты ісіктері, қуық, әйел жыныс мүшелері ісіктері кезінде радикалды оперативті араласулар енгізілген және жетілдіріледі; жұтқыншақ, сүт безі қосалқылар, обыры кезінде түрлі құрамдас операциялар, мүше сақтаушы операциялардын барлық түрі игерілген; иноперабельді үдерістер кезінде өңеш стенттеуі жасалынды; ұзақты тамырлы кіру үшін толық имплантациялық құрылғылар орнатылады. 2010 жылы алғашқы рет сүйек цементі қолдану арқылы сүйек-пластикалық операция, ұзын түтік тәрізді сүйектер және омыртқаның алғашқы және метастатикалық ісіктері кезінде перкутанды вертебропластика енгізілген. 2012 жылы операциялық белсенділік 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген.
Химиопрепараттармен дәрілік қамтамасыз ету жақсарған. Қазақстан Республикасында диагностика және емдеуде қабылданған хаттамаларға, сонымен қатар ESMO. ASKO клиникалық ұсыныстарына сәйкес арнайы ісікке қарсы дәрілік емдеу,оның ішінде цитостатикалық, таргетті, гормонотерапия жасалынады.
Радиология бөлімшесі жаңа заманауи аппараттармен жабдықталған:
сәуле терапиясын жүргізетін Clinac 600 сызықтық жылдамдатқышы,
брахитерапия жүргізетін Gammamed plus аппараты, GULMAY D3225 рентгенотерапеялық аппараты, сәулелені алды дайындық жасау үшін Acuity рентген симуляторы бар.
Күндізгі стационар тәуліктік бақылауды талап етпейтін науқастарға алдын алу, диагностикалық, емдеу және оңалту қызметін көрсету үшін ұйымдастырылған. Онкологиялық пациенттерге дәрілік терапия жасалынады: химиотерапия, сәулелі терапия, иммунотерапия, гормонотерапия, ісіктердің диагностикалау және емдеу мақсатында кіші операциялар жасалынады.
Ауруды терең және мұқиятты диагностика, сонымен қатар обырдын асқынған сатысындағы симптоматикалық терапияны өткізу мақсатында, ісіктер терапиясы бөлімшесін ашу қажеттілігі туды. Бөлімшедегі аурудын шекті деңгейлерінде инкурабельді науқастарға паллиативті қызмет, арнайы ісікке қарсы емдеу мүмкін болмаған жағдайларда пациенттерге (оның туыстарына) оңтайлы жағдай, функционалдық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Осындай жағдайларда науқастын ауырсыну және басқа соматикалық белгілері, сонымен қатар психологиялық, әлеуметтік және басқа рухани мәселелерін шешу бірінші орынға шығады. Бөлімшеде науқастарға психологиялық және әлеуметтік қызмет көрсететін, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді.
Сәулелі диагностика бөлімшесінде рентгендиагностика, УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) рентгенмаммография, компьютерлік томография, магнитті-резонансті томография, панормады томография және дентальді томография, маммографиялық скрининг орталығы қызмет атқарады.
Клиникалық диагностика зертханасы жетекші әлем өндірушілерінің (Siemens, Roche, Karl Zeiss) инновациялық зертханалық технологияларын қолдана отырып зерттеулердің кең спектрін жүргізеді, реанимация бөлімшесіндегі жедел-зертхананың тәуліктік жұмысын қамтамасыз етеді. 2011 жылы зертхана халықаралық ішкі сапа бақылауы бағдарламасына қатысу қорытындысы бойынша сертификат алған.
Орталықтандырылған цитологиялық зертханасы Папаникалау әдісі бойынша онкоцитологияға зерттеу және материалдардын жедел-зерттеуі, көмегімен клиницистар пациентті клиникаға түсіру күнін, емдеу тактикасы сияқты сұрақтар операция кезінде де шешіледі.
Патоморфологиялық қызметтін жабдықтау, тәжірибеге көптеген әдістерді енгізуге септігін тигізді, ол шұғыл-гистологиялық зерттеу, трепан биопсия және ісіктін рецепторлық мәртебесін анықтау үшін, сүт безі обыры кезінде препараттарды иммуногистохимиялық зерттеуге, бұл химио-және гормонотерапияға сезімдалдылығын ескеріп арнайы емдеу жүргізуге көмектеседі.
Ерте диагностиканы жақсарту үшін онкология орталығы қала емханаларымен бірлесе жұмыс жасайды. Емханалар заманауи жабдықтармен жабдықталған: маммографтар, сандық флюрорентгенаппараттар, УДЗ-аппараттары, эндоскопиялық аппараттар.
Онкология орталығы базасында сүт безі, жатыр мойны және колоректалды обыр ерте диагностикасы бойынша мақсатты топтар арасында скринингті бағдарламаны іске асыру бағыттық жұмысын атқаратын скрининг орталығы құрылған.
Сүт безі обырымен ауруды төмендету және ерте диагностиканы жақсарту үшін қалалық маммологиялық қызметінің жұмысы тәртіпке салынған. Тұрақты түрде үлкен әдістемелік-ұйымдастыру және санитарлы-ағартушылық жұмыс жасалынады: жергілікті терапевт, жалпы практика дәрігерлері, қала емханаларының орта медицина қызметкерлері үшін онкологиялық ауруларды алдын алу және ерте диагностикасы бойынша семинарлар өткізіледі. Сонымен қатар, онкология орталығы базасында Астана қаласы ғылыми орталықтары мен қаланың босандыру мекемелерінің акушер-гинеколгтары оперативті-техниканы үйренеді.
Онкология орталығы Астана Медицина Университетінің 7 кафедрасының , клиникалық базасы болып табылады, онда студенттер, интерндер, резиденттер, тағылымдама алушылар және курсанттар білім алады.
Онкология орталығында 600 астам адам еңбек атқарады, оның ішінде
120 дәрігер (оның 5 доктор және 12 медицина ғылымдарының кандидаты) , 400 жуығы орта және кіші медицина қызметерлері.
Онкология орталығы Америка, Жапония, Израиль, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия жетекші медицина клиникаларымен тығыз ынтымақтастықта. Әлемдік стандарттарға сәйкес емдеу және диагностика хаттамаларын құрастыру үшін алда әрі қарайғы ынтамақтастық жалғасады. Жыл сайын Оңтүстік Корея, Финляндия, Ресей, Америка, Белоруссия, Украина белгілі клиникаларының мамандарының қатысуымен семинарлар және мастер-класстар өткізіледі.
2012 жылдың маусым айында Денсаулық сақтау министрлігі және Денсаулық сақтау басқармасы қолдауымен, Онкология диспансері 60 жылдығына орайластырылған «Онкология – заманауи аспектілері және басты бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілген.
Онко қызметті ұйымдастыру және менеджменті саласында қойылған тапсырмаларды шешу үшін медициналық құжаттаманы жүргізуді кеңінен компьютерлендіру жолымен, онкология орталығы ақпараттық жүйесін жаппай жетілдіру жүргізілген.
Онкология орталығы дәрігерлердің біліктілігін және білімін арттыру, еуропалық стандарттар бойынша онкологиялық ауруларды емдеудегі жаңа технологиялар енгізуге ерекше назар аударады.
Осылайша,онкология орталығының дәрігерлері соңғы бірнеше жылда, Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Словакия, Оңтүстік Корея, Израиль, Чехия, Австрия, Германия,Швейцария, Италия, Испания, Англия, АҚШ жетекші онкология клиникаларында оқудан өтті, онда олар онкологиялық аурулардын диагностикасы және емдеуінің озық әдістерімен танысуға мүмкіндік алды.
Скрининг орталығын құру және дәрігерлер мен жалпы емдеу желісінің орта медицина қызметкерлерімен біліктілік деңгейін арттыру, дәрігерлермен жүргізілетін обырға қарсы насихатты жақсарту, материалды-техникалық базаны күшейту, жаңа озық технологиялар мен әзірлемелерді енгізу, онкологиялық аурулардын жақын болашақтағы жағдайын жақсы жаққа өзгертуге септігін тигізеді.