Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Мемлекеттік сатып алу

Басып шығару

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкология диспансері» МКК 2013 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Астана қаласы тұрғындарын амбулаторлық деңгейде дәрілік заттар мен медицина тағайындау бұйымдарымен қамтамасыз ету жөніндегі фармацевтикалық қызметтерді сатып алуға тендер өткізу туралы жариялайды. Сатып алынатын тауарлардың, көлемдердің толық тізбесі мен орын жөнінде тендер құжаттамасында
көрсетілген.

Тендерге ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап бере алатын барлық ықтимал өнім берушілер қатыса алады.

Тендер құжаттамасы пакетін 2013 жылдың 24 қаңтарына дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) сағат 9.00 және 13.00 аралығында Астана қ., Манас көшесі, 17, 609-каб. мекен-жайынан және/немесе «www.onko-astana.kz» веб-сайтынан алуға болады. Тендер өтінімдерін берудің ақырғы мерзімі 2013 жылдың 25 қаңтары, сағат 10.00-ге дейін.

Ықтимал өнім берушілердің тендерге қатысатындығы жөнінде мөр басылған конвертте рәсімделген өтінімдері Астана қ., Манас көшесі, 17, 609-каб. қабылданады. 

Тендер өтінімдері ұсынылған конверттер 2013 жылы 25 қаңтар күні сағат 10.00-де Астана қ., Манас көшесі, 17, 602-каб. мекен-жайы бойынша ШЖҚ «Онкология диспансері» МКК ашылатын болады.

Тендер өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде ықтимал өнім берушілердің қатысуына болады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7172) 54-19-78 телефоны арқылы алуға болады.