Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.
Мақсаты және тапсырмалары
Қала онкология қызметінің мақсаты:
Қатерлі ісіктердің ерте диагностикасын нәтижелерін және алдын алуды әрі қарай жақсарту, қала халқына жалпыға қол жетімді, уақытылы және жоғары мамандандырылған онкологиялық қызметті қамтамасыз ету.
Қала онкология қызметінің тапсырмалары:
- халықтын ұйымдасқан және ұйымдаспаған құрамының алдын алу тексерулерін, диспансеризациясын, сонымен қатар қатерлі ісіктердің ерте диагностика заманауи скринингті әдіс шараларын күшейту;
- салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, онкологиялық ауруларды жеке алдын алу шараларына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, баспа ж.т.б.) арқылы халықтын жалпы білім деңгейін арттыру;
- онкологиялық қызметті көрсету тиімділігінің негізгі критериилерінің 5-10% көбейту (бір жылдық және жалпы өлім көрсеткіштерінің азаюы, аурудын асқынған түрлерінің төмендеуі, 5 жылдық өмір сүру көрсеткіштерінің артуы);
- хирургиялық, дәрілік және сәулелі емдеу әдістерімен бірге кешенді және құрамдас емдеу әдістерін кеңінен енгізу;
- қайта құру-қалпына келтіру және пластикалық хирургия заманауи әдістерін қолдана отырып клиникалық тәжірибеге хирургиялық технологиялардың мүшесақтаушы операцияларынан бастап кеңейтілген-құрамдас операцияларына дейін енгізу;
- химиотерапияның жоғары мөлшерлік түрлі сұлбалар ыңғайын құрастыру, дәрілік емдеудің жоғары уыттылығы тәртібінде колоноынталандырушы факторларды қолдануды кеңінен енгізу;
- радиомодификаторлы газ қоспалары, брахиотерапия және радиохирургиямен үйлестіріп заманауи сызықты жылдамдатқыштарды қолданып сәулелі терапия әдістерін әрі қарай жетілдіру.