Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Басшылық

Басып шығару

Төлеутаев Мұқтар Есенжанұлы 

Бас дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР денсаулық сақтау үздігі, денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санаты дәрігер. 

1983 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Университетін емдеу ісі мамандығын үздік тамамдаған;  Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономика мамандағы бойынша аяқтаған.Хирург дәрігер,  ОАА босану бөлімінің меңгерушісі, балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, Семей қаласының Денсаулық сақтау Департаментінің бастығы, Семей Мемлекеттік Медицина Университеті клиникасының директоры,СММУ клиника жөніндегі проректор, ҚР ДМ департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.


 

Оразбеков Бақтыбай Сейтхадырұлы – бас дәрігердің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары 

1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітірген. 1997-1999 жылдар аралығында Қарағанды қаласы обылыстық клиникалық ауруханасы негізінде «Хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординатура өтті. 1999-2010 ж – Астана қаласы онкология диспансерінің хирургі. 2008 жылы «онкология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 

2010 жылдан бүгінгі уақытқа дейін бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары.


 

Мустафина Бағдаш Қаиртайқызы – бас дәрігердің әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары

Целиноград медициналық институтын 1983 жылы бітірген. 1983-1984 жылдары терапия бойынша интернатура өтті. 1985-1997 жылдары – Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы Орталық қалалық ауруханада жұмыс істеді. 1997-1999 жылдары облыстық еңбек пен әлеуметтік қорғау басқармасында дәрігер-оңалтушы.

1999 жылдан бүгінге дейін бас дәрігердің әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші санатты дәрігер. ҚР Денсаулық сақтау үздігі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.


 

Удербаева Гүлмира Жеңістекқызы – бас дәрігердің медициналық қызмет менеджменті мен сапасы жөніндегі орынбасары

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын 1998 жылы бітірген. 1998-2000жж Ақтөбе қаласында – акушер және гинекология жөніндегі клиникалық ординатура өтті. 2000-2008 жж – Харьков медицина академиясының онкохирургия және онкогинекология кафедрасында дипломнан кейін жұмыс істеді. 2007 ж – Киев қаласындағы Р.Е. Кавецкий атындағы патология, онкология және радиобиология тәжірибе жасау институтында кандидаттық диссертация қорғады. 2008-2011 жж – «Астана медицина университеті» АҚ онкология кафедрасының доценті.

2011 жылдан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы  онкология диспансерінің бас дәрігерінің медициналық қызмет менеджменті мен сапасы жөніндегі орынбасары


 

Құсаинов Каримжан Зәкірұлы – бас дәрігердің амбулаторлы-емхана жұмыстары жөніндегі орынбасары

1982 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтін бітірген. 2009-2010 жылдары Астана қаласы онкология диспансерінің гинеколог-радиолог дәрігер. 2010-2011 жылдары бас дәрігердің медициналық қызмет менеджменті мен сапасы жөніндегі орынбасары.

2011 жылдан бүгінгі күнге дейін бас дәрігердің амбулаторлы-емхана жұмыстары жөніндегі орынбасары. ҚР денсаулық сақтау үздігі.


 

Айдабулова Жанна Рахимжанқызы – бас мейірбике

Өз еңбек жолын 1985 жылы таңу кабинетінде мейірбике қызметінен бастады. Одан кейін хирургия бөлімінде, операциялық бөлімшесінде аға мейірбике  қызметтерін атқарды. 1995 жылдан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы онкология диспансерінің бас мейірбикесі.

2000 жылы «Эмили» медициналық орталығында мейірбикелер ісі бойынша медициналық институтты тәмамдады. Жоғары білімді мейірбике дипломы мен мейірбикелер ісі жөніндегі мейірбике-менеджер дипломы бар. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігі. Мейірбикелер Кеңесінің төрағасы.