Құрметті жазылушылар, пациенттер!
Құрметті жазылушылар, пациенттер! Біз Сіздердің әр пікірлеріңіз бен ойларыңызды құрметтейміз. Сіздермен пациент Смагулова Бахытгуль Аралбаевнаның Орталықта жасалған отасы бойынша қысқаша алғыс-пікірімен бөліскіміз келеді. Қолдауларыңызға рахмет!!!
.Біздің Орталық туралы өздеріңіздің пкірілеріңіз бен ойларыңызды қалдырыңыздар! ????
????Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкологиялық орталық» МКК
Астана қаласы, Манас көшесі,17
????Қабылдауға жазылу: 8(7172) 54-88-83
8(7172)95-40-33
8(7172)95-40-34
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Манас көшесі, 17. Тел.:56-01-55. Ресми сайты -www.onko-astana.kz.
Негізгі қызметінің сипаттамасы – Медициналық қызмет: онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
2. Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Байқаудың өтетін орны –Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 420 кабинет.
Байқаудың басталу күні –6 қараша2018 жыл
Байқаудың аяқталу күні – 5 желтоқсан 2018 жыл
Вакцинация сұрақтары бойынша қауырт желі жұмысы туралы
2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлері және ата-аналарға вакцинациялау сұрақтарына жауап және кеңес беру мақсатында «қауырт желі» өз жұмысын бастайды.
Сіздер 8-8000-700-830 телефон номеріне кез келген қалалық немесе ұялы телефон нөмірлерінен ақысыз қоңырау соға аласыз.
8.00-ден 20.00 сағатқа дейінгі Сіздердің вакцинация туралы сұрақтарыңызға біздің жоғары санатты невролог, аллерголог, педиатр және эпидемиолог мамандары жауап береді.
Көрсетілген уақыттан тыс түскен қоңырауларға мамандарымыз міндетті түрде қысқа уақытта өздері хабарласады.
Назар аударыңыз!
Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық скринингтік бағдарламаны дамыту және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін күшейту үшін инфекциялық емес сырқаттарды скринингтік зерттеу шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жинақтау мақсатында тұрғындар, медицина қауымы, медициналық жоғары оқу орындары, қауымдастықтар, ғылыми орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар арасында сауалнама жүргізуде.
Ұсыныстар мен скринингтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау сырқаттарды ерте анықтаудағы оның нәтижелілігіне әсер ететін кедергілерді зерделеп, скрининг жүргізу шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сауалнама мына сілтемелер бойынша жүргізіледі:
орыс тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/P7FKQ7L
қазақ тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/PX2S6QS
ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шара өткізілді
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК-нда 2017 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - қазақстандық патриотизмді және ұлт бірлігін нығайту, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен құндылықтарын насихаттау.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында семинар өтті
Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Онкология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2017 жылғы 22 ақпан күні Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында семинар өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы жөніндегі ақпараттандыру, ағарту.
Тағы мақалалар...
- «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбы бойынша семинар өтті
- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңын түсіндіру бойынша дәріс өтті
- 2017 жылғы 6 ақпанда ашық есік күні өтеді
- 2017 жылдың 23-29 қаңтар айында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Онкология орталығы" МКК "Жатыр мойны обыры жайында хабардарлығының жылсайынғы аптасы" аясында ашық есік күндері мен онкүндікті өткізу туралы ақпарат