Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

2017 жылғы 6 ақпанда ашық есік күні өтеді

Басып шығару
Жарияланды 01.02.2017

Обырға қарсы күрес халықаралық қоғамының бастамасы бойынша жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аталып өтеді. 2017 жылы ол «Біз жасай аламыз! Менің қолымнан келеді!» ұранымен өтетін болады. Аталмыш ақпараттық науқан жаһандық обыр ауыртпалығын азайтуға,  жеке адамдарға, отбасыға, қоғамға онкологиялық аурулардың әсерін төмендетуге арналған шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні мен 2017 жылғы 1-10 ақпан аралығында өтіп жатқан онкологиялық науқастарды ерте анықтау мен алдын алу жөніндегі республикалық онкүндігі обыр жөніндегі хабардарлықты, оның алдын алу шаралары мен ерте анықтаудың маңыздылығын жоғарылату бойынша бірлескен күшті біріктіреді.

Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні мен онкологиялық науқастарды ерте анықтау мен алдын алу жөніндегі республикалық онкүндіктің мақсаты - онкологиялық ауруларды ерте анықтау мен алдын алу, онкопатологиядан өлім-жітімнің азайту мәселесіне қоғамды жұмылдыру, қала халқының, медицина қызметкерлерінің онкологиялық ауруларды ерте анықтау мен алдын алу мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру, скринингілік тексерістерді уақытында өту қажеттілігі жайында халықты ақпараттандыру болып саналады.

Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні мен онкологиялық ауруларды ерте анықтау мен алдын алу жөніндегі оған ораластырылған онкүндікті өткізу аясында Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша Онкология орталығының емханасында, Астана қ., Манас көшесі, 17 мекенжайы бойынша 2017 жылғы 6 ақпанда сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Онкологиялық ауруларды ерте анықтау мен диагностикалау мақсатында профилактикалық тексеріс тегін өткізіледі. 

Байланыс телефоны: 54-88-83, 54-88-29

Астана қ. «Онкология орталығы»