Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Амбулаторлы химиотерапия, қалпына келтіру емі және оңалту бөлімшесі

Басып шығару

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі №238 бұйрығы негізінде қор үнемдеуші технологияларды енгізу және төсек қорын тиімді пайдалану мақсатында 2010 жылғы 12 шілдеден бастап Астана қаласының «Онкология орталығы» МКҚК-нда онкологиялық науқастарға арнайы стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін күндізгі стационар бөлімшесі құрылды.

 

Күндізгі стационар тәуліктік медициналық бақылауды қажет етпейтін науқастарға емдеудің стандарттары мен хаттамаларына сәйкес заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, профилактикалық, диагностикалық, емдік және оңалтулық іс-шара өткізу үшін ұйымдастырылған. Бөлімше 20 төсекке арналған, аптасына 5 күн жұмыс жасайды.

 

Күндізгі стацинар бөлімшесінің негізгі жұмысы науқастардың бұл санатына білікті күтім көрсетуге, химиялық терапияның көпқұрамды сызбалары қолданылған терапия өткізуге, сәулелі және симптоматикалық терапия өткізуге, оңалтулық-психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.

 

Күндізгі стационарда диспансерлік есепте тұрған онкологиялық науқастарға қатерлі ісіктерді емдеу стандарттарына сай дәрілік терапия өткізіледі:

 

  • химиялық терапия
  • сәулелі терапия
  • иммунотерапия
  • гормонотерапия
  • ісіктердің диагностикасы және емдеу мақсатында кіші операциялық араласулар өткізіледі. 

Күндізгі стационарда операциялық блок, таңу кабинеті бар, қосымша жатыр мойны патологиясы кабинеті ашылды, сонымен қатар оңалту шараларын өткізу үшін емдік денешынықтыру кабинеті жұмыс жасайды. 

Күндізгі стационар бөлімшесінің тұңғыш меңгерушісі дәрігер онколог Қуаныш Қамалбайұлы Қамалбаев болған. 

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін бөлімше меңгерушісі дәрігер онколог, медициналық ғылымдар кандидаты Әсем Маратовна Орынбаева. 

Күндізгі стационар бөлімшесінің аға ординаторы – жоғары санатты дәрігер Сара Анатольевна Сомбаева

Химиотерапевт дәрігерлер: Дина Анатольевна Ковальчук, Арайлым Амангосовна Ахметова, Жанар Ашимхановна Бейсеуова. 

Бөлімшенің аға мейірбикесі Гүлнар Сәкенқызы Батырғожина Онкология орталығы құрылғаннан бастап осы мекемеде қызмет етіп келеді.