Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Патологиялық-анатомиялық бөлімше

Басып шығару

Патологоанатомиялық бөлімше 2009 жылдың қазанында ұйымдастырылды. Құрылғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін бөлімшені бірінші санатты дәрігер-патологоанатом Пироженко Олег Леонидович басқарып келеді. бөлімше 2 бөлімшеден құралған – патогистологиялық және иммуногистохимиялық диагностика. Патологоанатомиялық бөлімше әлем стандарттарына сай құралдармен жабдықталған.

 

Бөлімде қатерлі және қатерсіз ісік диагностикасы, гистогенезі, ісік жасушаларының құрылымды және функционалды сарапталу дәрежесі анықталып, емдеу тактикасын таңдауға ықпалын тигізеді. Оталы биопсия және секционды материалдарды зерттеуде жарықтық оптикалық микроскопия және бірыңғайландырылған гистологиялық және гистохимиялық әдістер қолданылады. Соңғы кезде ісіктерді ажырату диагностикасында иммуногистохимиялық әдісті қолдану тиімділігін көрсетті. Бұл әдіс түрлі антигендердің, транскрипциялы факторлардың, жасуша циклі регуляторларының экспрессиясына негізделеген. Сонымен қатар иммуногистохимиялық әдіс жасушалардың химиотерапиялық препараттар мен гормонотерапияға сезімталдығын анықтауға мүмкіндік береді. 

Патологоанатомиялық бөлім стационарлы және амбулаторлы науқастардың түрлі патологиялық жағдайларын анықтауға қажет патогистологиялық зерттеулерді 100 пайыз орындайды. 

Зертханада келесі зерттеулер жүргізіледі: 

  • отабиопсиясы материалын зерттеу
  • интраоперациялы диагностика (экспресс-гистологиялық зерттеу)
  • қосымша гистохимиялық зерттеу
  • иммуногистохимиялық зерттеу
  • түрлі күрделілік деңгейіндегі аутопсия өткізу 

Қазіргі таңда бөлімде дәрігер-патологоанатом жұмысын оңтайландыру мақсатында 

компьютерлі технологияларды қолданылуда. Жаңа бағыт ретінде гистологиялық препараттарды стационар мен динамикалық тәртіпте телеконсультация өткізуді ұйымдастыру болып табылады. 

Бөлімде бірінші санатты дәрігер-патологоанатом, медицина ғылымдарының 

кандидаты Губская Елена Борисовна, және дәрігерлер-патологоанатом - Жумагулов Талгат Тулегенович, Утешева Мадина Хайрадденовна, Жакипова Айнагуль Аржил-Гайыповна  қызмет атқарады.