Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Цитологиялық зертхана

Басып шығару

Орталықтандырылған цитологиялық зертхана Астана қаласы Онкология орталығыныңқұрылымдық бөлігі болып саналады. 2014жылғы 13 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін зертхананы дәрігер-цитолог Гүлмира Елубайқызы Байсақова меңгеріп келеді. 

Қазіргі таңда орталықтандырылған цитологиялық зертхана заманауи зертханалық құралдар және микроскоптармен жабдықталған алдыңғы қатарлы диагностикалық бөлім болып саналады. 

Зертхана стационарлы мен амбулаторлы науқастардың патологиялық жағдайларын анықтауға бағытталған цитологиялық зерттеулерді 100 пайыз қамтамасыз етеді. 

Зертханада келесі зерттеулер өткізіледі: 

  • Папаниколау бойынша онкоцитология;
  • Романовский – Гимзе бойынша боялған эксфоллиативті цитология;
  • жедел цитология (ота кезіндегі биопсия);
  • урогениталды жолдардан жағынды жасау арқылы патологиялық флора мен жыныстық жолымен жұғатын инфекцияны анықтау. 

Орталықтандырылған цитологиялық зертхана 2 бағытта қызмет етеді: диагностикалық цитологиялық зерттеулер материалдардың зертханаға жеткізілген кезден бастап 2-3 күн аралығында өткізіледі. Зертханада жасалатын экспресс-зерттеулер көмегімен клиницисттер науқастың ауруханаға түскен бетінде немесе ота жасау кезінде емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік алады.

Қаланың 7 емханасы мен 6 жанұялық амбулаторияларында жасалған жағындыларды цитологиялық зерттеу арқылы зертхана алдын алу шараларын іске асырады (жатыр мойнының қатерлі ісігінің ерте анықтау скринингі). Скрининг 2 кезекте өткізіледі: цитологиялық күрделі материалдары, келесі кезекте дәрігер-зертханашы қайта тексереді. 

Зертхана сонымен қатар Астана қаласының және Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарынан жіберілген цитологиялық материалдарды қарап, кеңес береді. 

Цитолог-дәрігерлер Қазақстанның, Ресейдің, Жапонияның ірі ғылыми онкологиялық орталықтарында білімін жетілдірген. Орталықтандырылған цитологиялық зертхана негізінде цитологиялық диагностика бойынша дәрігер-зертханашылар мен зертханашылар дайындық өтеді. Цитологиялық материалды зерттеу нормативті құжаттарға сай өткізіледі.  

Зертханада қызмет ететін зертханашы дәрігерлер: 

  • Байсақова Гүлмира Елубайқызы;
  • Тажибаева Гайни Абдикадировна;
  • Ким Александра Леонидовна.  

Зертханашылар: Оразалина Ботагөз, Сергазина Н.О, Бердешова В.Т., Джакупова К.Ш., Абдикаримова Г. Б., Осипова В. Н.,