Сәулелі диагностика бөлімшесі
Бөлімше онкологиялық науқастарға мамандандырылған диагностикалық көмек көрсетуге арналған заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған.
Сәулелі диагностика бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, КТ және МРТ жоғары санатты дәрігері Әбдірахманова Жанна Сағатбекқызы.
Бөлімшеде келесі зерттеулер жүргізіледі:
- рентгендиагностика
- УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу)
- рентгенмаммография
- компьютерлік томография (КТ)
- магнитті – резонансты томография (МРТ)
- панорамды томография және денталдырентгенография
- маммологиялық скрининг орталығы.
Рентген диагностикалық кабинеттерде жалпы және арнайы рентгенологиялық
зерттеулер (рентгенография, асқазан-ішек жолдарының ісіктері кезінде рентгеноскопия, отадан кейінгі кезеңде анастомоздардың жағдайын анықтау мақсатындағы зерттеулер)өткізіледі.
Рентген-операциялық бөлмеде ангиографиялық рентген аппаратура С-доға орнатылған, аталған аппаратураның бақылауымен өңешті стенттеу, сүйек-буын жүйесінің онкопатологиясы кезінде операциялар жасалады, бауыр ісіктері, жатыр мойны обыры кезіндегі химиоэмболизация, химиотерапия өткізу үшін порттар, «пик»-жүйелері орнатылады. Маммографиялық кабинетте заманауи санды маммографиялық аппарат көмегімен сүт безінің қатерлі ісігі және басқа патологиясын анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Медициналық қызметкерлер Қазақстан және басқа да шет елдерде (Мәскеу, Санкт-Петербург, Австрия, Германия, Испания, Италия, Израиль және т.б.) дәрігерлік біліктілігін жоғарылатады.
Рентген кабинет, рентген маммография және рентген-операциялық бөлменің дәрігерлері:
- Алдонгаров Ғазиз Бейсенғалиұлы – жұмыс өтілі үлкен дәрігер рентгенолог;
- Автайкина Татьяна Федоровна – рентген маммография кабинетінің жоғары санаттыдәрігері;
- Дәуренбекова Тілеулес Ақажанқызы – бірінші санатты дәрігер;
- Сыздыкбаев Толеген Халелович - жоғары санатты дәрігер;
- Адамкалиева Айжан Маратовна – «Медицина» мамандығы бойынша магистр, рентген маммография кабинетінің дәрігері;
Компьютерлі томография 2 аппаратта өткізіледі: көпспиральды 40-кесінді компьютерлітомограф және жаңа 64-кесінді компьютерлі томограф.
Магнитті-резонансты томография ашық типті 0,35 Tl магнитті-резонансты томографта жасалады. КТ және МРТ бас миы және жұлынның, омыртқаның, іш қуысының және кіші жамбас қуысының ағзаларының, ірі буындарын, сүт безінің патологиясын анықтауға мүмкіндік береді.
КТ және МРТ кабинеттерінің дәрігерлері:
- Ильясова Әсем Әділқызы – КТ және МРТ бойынша 2-ші санатты дәрігер;
- Еркатов Бауыржан Қуандықұлы – жоғары санатты рентгенолог дәрігер;
- Калибекова Меруерт Мұратқызы – МРТ дәрігері;
- Кожбанова Жанна Камильевна – КТ және МРТ дәрігері;
- Нуралинова Жанна Омаровна – КТ және МРТ дәрігері
Ультрадыбысты диагностика кабинеттері сарапшы тарапты үш УДЗ аппараттарымен, сонымен қатар УД-диагностикаға арналған жоғары тарапты портативті аппаратымен жабдықталған.
Ультрадыбыстық зерттеу кабинетінде қызмет атқаратын дәрігерлер:
- Крискус Лилия Казимерасовна – УДЗ бойынша жоғары санатты дәрігер;
- Канафина Маржан Музафарқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, екінші санатты УДЗ дәрігері;
- Марченко Елена Викторовна - УДЗ бойынша екінші санатты дәрігер;
- Алгожина Қарлығаш Балташқызы - УДЗ бойынша екінші санатты дәрігер;
- Садвакасова Галия Халеловна – УДЗ бойынша екінші санатты дәрігер;
- Скакова Аксулу Бакитбековна – УДЗ бойынша екінші санатты дәрігер;
- Нургалиева Жаныл Джанабаевна – УДЗ бойынша бірінші санатты дәрігер
Сәулелі диагностика бөлімшесінде Маммологиялық скрининг-орталығыұйымдастырылды. Бұл орталықтың ғылыми жетекшісі медициналық ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Раушан Ибжановна Рахимжанова. Орталықта Астана қаласының барлық емханаларында скрининг жастағы әйелдердің өткізілген маммограммаларының екінші оқуы өткізіледі, сүт безін ультрадыбысты зерттеу арқылы қосымша тексереді.
Маммологиялық скрининг орталығының дәрігерлері:
- Смайлова Қызылгул Майданқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, бірінші санатты рентгенолог;
- Хамитова Динара Аманжанқызы – жоғары санатты рентгенолог дәрігер;
- Кунанбаева Айнур Турсунгалиевна – бірінші санатты рентгенолог дәрігер;
Барлық дәрігерлер Қазақстанның, Ресейдің, Австрияның, Германияның, басқа да елдердің алдыңғы қатарлы клиникаларында, рентгендиагностиканың, КТ, МРТ, УДЗ, рентгенхирургияның өзекті мәселелері бойынша білімдерін үнемі жетілдіреді.