Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі
Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі Онкология орталығының құрамында 1991 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда бөлімшені медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, 100 шақты басылым жұмыстардың, 2 оқу құралыны, 3 өнертабыстың, 1 халықаралық патенттің және 20 өнертапқыштық ұсыныстың авторы Кулуспаев Еркин Сергазинович басқарады. Ол «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен және 2016 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған.
Аға мейірбике жоғары санатты – Сагадиева Галия Ильясовна.
Бөлімше 12 төсек-орынға арналған және Жапония, Германия, АШҚ сынды әлемдегі жетекші өндірушілердің жоғары деңгейде өте қиын жағдайдағы қарқынды терапия мен оперативті қатысуын анестезиологиялық қамтамасыз етуді жүргізуге мүмкіндік беретін наркоздық-тыныс алу және бақылау-өлшеуіш аппараттарымен жабдықталған. Хирургиялық агрессиядан қорғау мақсатында бөлімше дәрігерлері өздерінің күнделікті жұмыстарында жансыздандырудың өзекті түрлерін, атап айтқанда, қазіргі дәрі-дәрмектерді қолдануымен құрамдастырылған және үйлестірілген әдістер мен аймақтық жансыздандыру әдістері кеңінен қолданады. Тиімді қарқынды терапия жүргізу үшін келесі әдістерді: экстракорпоральды детоксикация, оның ішінде гемо-ультрафильтрация, альбумин диализ және плазмаферез; тромбоэластография; қанның газдық құрамын бағалауды қолданады; тәулік бойы экспресс-зертхана жұмыс жасайды. Реаниматолог-дәрігерлердің көбі заманауи стандарттарға сәйкес өкпенің вентиляциясын жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары классты өкпені жасанды желдендіру аппаратын пайдаланады. Бөлімшеде жүргізілетін барлық терапия қатаң түрде жекеше жүргізіледі және ағзаның физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес есептелінеді. Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары - операция алдындағы кезеңнің барлығында нутритивті қолдау және анальгезия әдістерін жетілдіру болып табылады.
Бөлімше дәрігерлері анестезиология мен реанимация бойынша Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Украина, Латвия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Австрия, Израиль елдерінің жетекші клиникаларында біліктіліктерін жетілдіру курстарынан үнемі өтеді.
Бөлімшенің кадрлар құрамы:
- Анарбаев Талант Алтынбекұлы, жоғары санатты анестезиолог– реаниматолог дәрігер, 4 мақаланың авторы.
- Жунусов Бақытжан Досанұлы, жоғары санатты анестезиолог– реаниматолог дәрігер, 6 мақаланың авторы.
- Қасымов Ержан Кәкімұлы, жоғары санатты анестезиолог– реаниматолог дәрігер, 3 мақаланың авторы.
- Құсайынова Жанна Қазиқызы, жоғары санатты анестезиолог– реаниматолог дәрігер, 3 мақаланың авторы.
- КенжеТөлеген Сейілбекұлы,жоғары санатты анестезиолог– реаниматолог дәрігер, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған, 9 мақаланың авторы.
- Мәдиев Харби Заирұлы, жоғары санатты анестезиолог– реаниматолог дәрігер, 9 мақаланың авторы.
- Мәмбетова Анар Жаңабайқызы, жоғары санатты анестезиолог– реаниматолог дәрігер, 6 мақаланың авторы.
- Абдухаймов Нурбол Асабаевич, бірінші санатты,анестезиолог– реаниматолог дәрігер, 4 мақаланың авторы.
- Есей Жанболат Есейұлы, екінші санатты,анестезиолог– реаниматолог дәрігер, 3 мақаланың авторы.
- Иримбетов Серик Берикович, екінші санатты,анестезиолог– реаниматолог дәрігер, 11 мақаланың авторы.
Дәрігерлер ұжымымен 60-тан астам баспа жарияланымдары мен 2 патент шығарылды.