Терапия және паллиативті көмек бөлімшесі (оның ішінде 10 төсек хоспис)
Ауруды терең әрі мұқият тексеріп диагностика жасау мақсатында, сондай-ақ обырдын асқынған түріне симптоматикалық терапия жүргізу үшін ісік терапиясы бөлімшесін ашу қажеттілігі туындады.
2010 жылы Онкология орталығының жаңа ғимаратында жоғары санатты онколог-дәрігер Светлана Қазбекқызы Қожағалиеваның жетекшілігімен 30 кереуеттік терапия бөлімшесі жұмысын бастады.
Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары онкопатологияға шалдыққан науқастарға мамандандырылған көмек көрсету, заманауи зерттеу әдістерін пайдалана отырып диагностикалық іздестіру жұмыстарын жүргізу, диагноз қою, сондай-ақ ауруға жеңілдететін көмек көрсету болып табылады.
Жеңілдететін көмек емдеуге келмейтін, ауруы асқынып кеткен, ісікке қарсы терапия мүмкін емес болған кезде науқастарға әлемеуттік қолдау көрсету және тиімді қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Мұндай жағдайда аурумен және басқа да денелік көріністермен күрес, сондай-ақ науқастың психологиялық, әлеуметтік немесе рухани мәселесін шешу маңызды орын алады.
Терапия бөлімшесінің дәрігерлері:
- Бекишева Айжан Тәңірбергенқызы – онколог дәрігер
- Долда Сәулегүл - онколог дәрігер