Радиациялық онкологияның жоғары технологиялық орталығы
Радиология бөлімшесі 1995 жылы ашылды. Ашылған күннен бастап бөлімшеге Гайдук Николай Васильевич жетекшілік етті. Бөлімшенің құрылған күнінен бастап ұжымда бірталай дәрігерлер мен басшылар ауысып үлгерді. Әр жылдарда бөлімшені С.К.Төртбаев, И.И Емцова басқарды. 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін бөлімше меңгерушісі - жоғары санатты дәрігер радиолог, медицина ғылымдарының кандидаты Налгиева Фатима Хамзатовна.
Алғашында бөлімшеде 35 кереует болса, жаңа ғимаратқа көшкен соң радиология бөлімшесі 50 кереуетке кеңейтілді.
Бөлімшеде қатерлі дерттің барлығын тәжірибе жүзінде емдеу үшін қашықтық сәуле терапиясы, іш қуысына гамма-терапия, сәуле терапиясын қолдану арқылы жақын фокусті рентгентерапия және үйлестірілген сәуле терапиясы, сонымен қатар көрсеткіштер болса біруақыттық химиосәулелі терапия қолданылады.
Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:
- қашықтықтан басқарылатын үйлескен сәуле терапиясының стандартты емес жолдарын әзірлеу және іздестіру;
- бас мойын ісіктеріне және сүт безі обырына, ұсақ жасушалы және ұсақ жасушалы емес өкпе обырына, онкоурологиялық ауруларға дәрілік және сәулемен ем жасаудың жаңа түрлерін оқып үйрену;
- операцияға дейін және операциядан кейін сәуле алудың әртүрлі нұсқаларын зерттеу және оның күрделі ісікке шалдыққан ауруларды емдеуге (қозғалу-қимылдау аппаратының, тік ішектің, бас пен мойын ісігін ж т.б.) пайдалануды зерделеу ағзаны сақтаушы мульти-модальді ем ретінде радио терапияны пайдалану.
Бөлімше заманауи аппаратурамен жабдықталған:
- қашықтан сәуле терапиясын жүргізетін Clinac 600 желілік үдеткіш;
- брахитерапия жүргізетін Gammamed plus аппараты;
- GULMAY D3225 рентгенотерапия аппараты;
- сәулеалды дайындықты өткізуге апрналған Acuity рентген симуляторы.
Күн сайын түрлі ісікке шалдыққан 50-ден астам емделуші аралас және кешенді ем алу үшін сәулелі терапия қабылдайды.
Дәрігерлік ұжым құрамы:
- Емцова Ирина Ивановна – жоғары санатты радиолог дәрігер;
- Кухаренко Людмила Александровна – екінші санатты радиолог дәрігер;
- Садуева Айнагүл Иманбайқызы – екінші санатты радиолог дәрігер;
- Шоткина Индира Кайырқызы - екінші санатты радиолог дәрігер;
- Жақыпбекқызы Жанар - екінші санатты радиолог дәрігер;
- Нұрмаганбетова Бақтыгүл Жамбылқызы - радиолог дәрігер
- Закирова Раушан Турсунхановна – бірінші санатты радиолог дәрігер
- Автайкина Татьяна Федоровна – жоғарғы санатты рентгенолог-топометрист дәрігер;