Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

№1 химиотерапия бөлімшесі

Басып шығару

2004 жылдан жеке бөлімше ретінде химиялық терапия бөлімшесі жұмыс істей бастады. Бастапқыда 20 кереуеттік болды. Бөлімнің бірінші меңгерушісі Тоқаева Күләйша Ғабдусаматқызы. 

2005 жылы бөлімше 30 кереутке дейін кеңейтілді. Бөлімше меңгерушісі болып Жусупова Бахыт Тасбулатовна тағайындалды. 

2009 жылы химиялық терапия бөлімшесі 60 кереуеттік болды. 

2010 жылы 6 кереуетке арналған қарқынды терапия палатасы ашылды. 

2012 жылдан бастап 45 кереуеттік бөлімше ретінде жұмыс атқаруда, жеке тәуліктік посттары бар 6 кереуетті қарқынды терапия палаталары бар. 

2014 жылдың шілде айынан бастап химиялық терапия бөлімшесінің меңгерушісі болып бірінші санатты дәрігер-онколог, химиотерапевт Сембаев Дәурен Рахметолович тағайындалды. 

Қазақстан Республикасындағы диагностика және емдеу хаттамаларына, сондай-ақ ESMO, ASKO клиникалық ұсыныстарына сәйкес бөлімшеде арнайы ісікке қарсы дәрімен емдеужүзеге асырылады, оның ішінде цитостактикалық, таргеттік, гормонды терапия. 

Бөлімшеде жұмыс жасайтын онколог-химиотерапевт дәрігерлер: 

-          Рутжанова Жанна Юрьевна; 

-          Мухаметжанова Перизат Мықтыбекқызы; 

-          Мұсабеков Бейбіт Амантайұлы