№1 хирургия бөлімшесі
Қызметкерлердің көпқырлы дайындық деңгейі және онкологиялық қызметтің одан әрі кеңеюі 2010 жылы жалпы хирургиядан бөлініп, жеке 35 кереуетті торакалды хирургия бөлімшесін құруға мүмкіндік тудырды. Бөлімшені онкохирург, жоғары санатты дәрігер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі – Александр Константинович Дигай басқарды.
2014 жылдың қазан айынан бастап бөлімше меңгерушісі болып бірінші санатты онкохирург дәрігер Юрий Владимирович Жуковтағайындалды.
№1 хирургия бөлімшесінің мамандары өкпе ісігі, өңеш, көкіреқаралық обырын емдеумен қатар, сүт безі ісігін, көмей обырын, қалқанша безі ауруларын, бет пен жақтағы кеселдерді (тіл обыры, жоғарғы төменгі ерін, қосымша қуыстарды, сілекей бездерін) емдеумен де айналысады.
№1 хирургияда қатерлі ауруларды емдеудің негізгі әдісі радикалды операцияларды жүзеге асыру болып табылады. Ағзалардың зақымдануында радикалды операцияларды жүзеге асыру мақсатында көрші ағзалар резекциясы жасалады. Бөлімшеде ісікке шалдыққан және ісікалды өңеш жолдары ауруларын заманауи хирургиялық емдеу әдістері пайдаланылады. Аталған ауруды емдеудің негізгі жолы хирургиялық тәсіл болып қала бермек. Емдеуде кеңейтілген, үдетілген операцияларды қолданудың заманауи стратегиясы жасалынды, мұнда міндетті түрде абдоминалды, медиастиналды және мойын лимфодиссекциясы көрсеткіштері есепке алынады.
Ең көп тараған онкологиялық аурулардың бірі - сүт безі обыры. Алдын-ала диагностика жасауды жақсартудың нәтижесінде (скрининг) аталған дертті бастапқы сатысында аңықтауға қол жеткізілді. Бұл ағзаны зақымдамай аман сақтап қалатын операцияларды косметикалық әдіспен жасауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге сүт безін поастикалық операциялар арқылы алып тастап орнына арнайы протез салынады.
Бөлімше дәрігерлері Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Словакия, Оңтүстік Корея, Англия, АҚШ сияқты елдердің белгілі онкологиялық клиникаларында оқып білім алды, онда олар онкологиялық ауруларды емдеу мен диагностика жасаудың озық әдістерімен танысып үйренді.
Онкохирургтар: бірінші санатты дәрігер – Омаров Марат Хамитұлы, екінші санатты дәрігер – Есмағамбетов Жарылқасын Амантайұлы, Рутжанұлы Ильяс Рутжанович, Түсіпбеков Ерлан Нұрмұханбетұлы.