Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Қабылдау бөлімі

Басып шығару

Онкология орталығында емделушілерге қызмет көрсету – маңызды құрылымдық бөлімшелердің бірі саналатын қабылдау бөлімшесінен басталады. 

Науқастар емханадағы мамандардың зерттеуі мен консультациясынан және ем қабылдау әдісі анықталғаннан кейін, емделу үшін аурухананың қабылдау бөлімшесіне жіберіледі. 

Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі -дәрігер-онколог Сағнаева Айнұр Оразовна. 

Астана қаласының Онкология орталығынанауқастар Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жоспарлы тәртіп бойынша жіберіледі. Бөлімшенің қарауында: қабылдауға арналған кабинеттер, келіп түскен науқастарды тексеру және оларға бірінші дәрігерлік көмек көрсету. Бұл үшін қабылдап-тарату, ауыр науқастарды қарайтын кабинет бар, онкологиялық санатты ауруларды жоспарлы түрде қабылдайтын жеке кабинет қарастырылған. Мұнда: химиялықтерапия, радиология, гинекология, ісік терапиясы, абдоминалды және торакалды хирургия бөлімшелеріне оперативті емдеуге орналастырады. 

Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары: 

  • емделуге келген науқастарды дер кезінде қабылдау;
  • науқастың ауыр және қауіпті жұқпалы аурумен ауыратындығын анықтап, оларды емдеу үшін тиісті емдеу-алдын алу мекемелеріне бағыттау;
  • науқастың жалпы жағдайында баға беру және оған қарастырылған емді өзгертуге мүмкіндік жасау;
  • жеке бастың құжаттарын, қажетті анализдер мен нәтижелердің бар болуын тексеру. (жұмыстын телефоны 8-7172-54-92-75).  

Бөлімше дәрігерлері: Турганова Зауре Нурсагатовна - онколог дәрігер

Аппарова Дария Кусмановна – бірінші санатты терапевт дәрігер.