Астана қаласында "Онкологиядағы мультитәртіптік тәсіл: Қатерлі ісікті емдеу мен диагностикалаудағы заманауи технологиялар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Онкология орталығы» МКК, Астана қаласының онкологтар және радиологтар қауымдастығы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Астана қаласында "Онкологиядағы мультитәртіптік тәсіл: Қатерлі ісікті емдеу мен диагностикалаудағы заманауи технологиялар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Аталмыш шараға қатысу үшін Қазақстанның ТМД-ның және алыс шетелдің онкология саласындағы жетекші мамандары шақырылды. Конференцияның бағдарламасы онкологияляқ ғылым мен тәжірибенің жетістіктері мен заманауи мәселелерін қамтыды.
Айтулы конференцияға денсаулық сақтау басқармалары мен медицна жоғары оқу орындарының өкілдері, онкологиялық диспансерлердің басшылары, онколог дәрігерлер, химиотерапевттер, радиологтар, маммологтар, патоморфологтар, онкоскрининг бойынша жауаптылар мен барлық мүдделі тұлғалар қатысты.
Конференция жұмысына делегаттар – Қазақстан Республикасы барлық облыстардың Онкологиялық диспансерлердің бас дәрігерлері, тәжірибелік денсаулық сақтау мен ғылыми-зерттеу институттардың, Қазақстан медицина ЖОО-ның өкілдері, сондай-ақ Ресей, Украина, Литва онкологиялық қызметтердің өкілдері қатысты.
Шетелдік баяндамашы-қонақтар:
1. Константинова Мария Михайловна - медицина ғылымдарының докторы, онколог, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігі «А.В. Вишневский атындағы хирургия институты» ФМБМ емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары;
2. Русаков Игорь Георгиевич – м.ғ.д., профессор, Ресей онкоурологтар қоғамының вице – президенті;
3. Петрова Марина Владимировна - м.ғ.д. РХДУ анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры, Мәскеу, Ресей;
4. Потапов Александр Леоиндович - Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігі "ҰМРЗО" ФМБМ филиалы - А.Ф. Цыба атындағы Медициналық радиологиялық ғылыми орталығы, интенсивті терапия мен реанимация бөлімшесінің меңгерушісі
5. Мантас Тракимас - MD,PhD, Литва обыр ұлттық институты, интервенциялық онкология бөлімшесінің меңгерушісі, Вильнюс, Литва
6. Смирнов Александр Александрович - Медицина ғылымдарының кандидаты, академик И.П.Павлов атындағы ММУ, шұғыл медицина мен хирургия ҒЗИ эндоскопия бөлімінің басшысы, Санкт-Петербург қ., Ресей
7. Сажиенко Владимир Вячеславович - ODREX Медицина үйінің пластикалық хирургия клиникасының басшысы, ОҰМУ Университеттік клиникасы онкопластикалық хирургия қызметінің тәлімгері, Одесса, Украина
8. Моспанов Сергей Алексеевич - Эпидемиолог дәрігер, «Эколаб» ЖАҚ, Мәскеу қ., Ресей;
Қазақстаннан да баяндамалар болды – 20 адам, 42 баяндама (Алматы, Қарағанды, ОҚО, Астана)
Конференция аясында2016 жылы 24-25 қарашада «Скринингтік эзофагогастроскопияның сапа менеджменті» шеберлік сыныбы өткізілді. Ақмола облысынан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысынан, ШҚО, Семей, Астанадан 36 қатысушы қатысты.
Конференцияда өзекті мәселелер мен онкологиядағы дәрілік терапияның даму тактикасын одан әрі өңдеуімен қоса олардың шешу жолдары және онкологиялық науқастарды емдеудің сапасын одан әрі жақсартуда онкологтарға көмектесетін мәліметтер талқыланды.
Баяндамаларда соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Әсіресе барлық дәріскерлер оларды қолданудың практикалық аспектілерін көрсетті. Әр қатысушыға сертификат берілді.
Конференция ҚР, жақын және алыс шетелдің жетекші клиникаларымен тәжірибе алмасуға және онкологиялық ауруларды емдеу мен диагностикадағы жаңа технологияларды одан әрі енгізу үшін оның жолдарын көрсетуге мүмкіндік берді.
Халықаралық қатысушылардың қатысуымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференция бұқаралық ақпарат құралдарында, «Хабар», «Қазақстан», 24КZ телевизияларында, радиода және «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.