Бүгін | 91 | |
Кеше | 99 | |
Апта бойы | 91 | |
Өткен апта | 769 | |
Ай | 3056 | |
Өткен ай | 3300 | |
Барлығы | 29091 |
Сіздің IP: 207.241.237.236
MOZILLA 5.0,
Қәзір: 2012-01-29 17:59
Жалпы ақпарат
Біздің Онкологиялық диспансер жайлы фильм
Онкологияның құрылу тарихы:
Біздің Ақмолалық онкология қызметі 1952 жылы ашылды және №1 қалалық емхана ғимаратының подвалында орналасқан жеке онкологиялық кабинеті бар. Бір жылдан кейін 4 дәрігерлік қызметі бар 15 керуеттік стационар ашылды. Ол Қазан, 78 кшесінде орналасқан. Ол кезде 480 науқас тіркеуде болды. Кейін диспансер тұрғындардың атауымен «қызыл аурухана» аталған Пушкин және Жангельдин көшесінің бұрышында орналасқан қыштан салынған әдемі ғимаратқа көшті. Бұл ғимараттың бай мидициналық терапиясы болды: ол ертеректе революциядан бұрын земская ауруханасы ретінде құрылған, содан кейін алғаш дүние есігін ашқан ақмолалықтар мен целиноградтықтардың перзентханасы ретінде ұзақ қызмет етті. 1985 жылдан бері диспансер 1995 ж. радиологиялық корпус салынған, Мақтымқұлы,3 көшесіндегі 5 қабатты ғимараты бар.
Өткен жылдармен салыстырғанда онкологияның материалды-техникалық базасы жақсарды, морфологиялық диагностика, иммуногистохимиялық зертхана, шаруашылық блок; зарарсыздандыру, ЦСО блоктарымен 100 керуеттен 270 керуетке дейін стационардың күшеюі жаңа корпустың ашылуына байланысты көбейді. Қазіргі таңда ауысымда 380 келушіге арналған емхананың қайта құрылуы аяқталуда.
Стационардағы әр бөлімшеде ҚТП қарқынды терапия палатасы бар, қазіргі таңға дейін жаңашыл құралдармен жабдықталған 7 операция бөлмесі қызмет етеді. Операциялық блок наркозды-тыныс алу аппараттарымен, гинекологиялық, урологиялық, тораколапароскопиялық операцияға бейнеэндоскопиялық тіреуішпен жабдықталған.
2008 жылы қазіргі заманғы медициналық жабдықтар алынды: сәулелі терапиялдағы топометрияға симулятор, рентгенді түсірілімдерге қалыпты тәртіпте дигитайзер-оцифровшик және оларды сандық тәртіпке көшіру. Жақында сақтау тәртібінде емдеуге мүмкіндік беретін сәулелі терапияға 2 сызықты үдеткішті енгізу жоспарлануда. 206 жылы 3 жұмыс орнына эндобейнежүйесін, рентгенді диагностикалық аппарат алынды.
Қалалық онкология диспансері қатерлі ісіктердің жаңа түрлері науқастарына жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді. Қазіргі таңда онкологиялық аурулар ауру құрылымы жағынан алдыңғы орынды алады және өлімнің басты себептерінің бірі болып қалады, ауруға шалдығу деңгейі жоғары. Біздің ұжым онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу ісінде шамаға шақ үлес қосуда және біз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Өткен жылмен салыстырғанда ауруға шалдығу 9% аса абсолютті санда кейбір өсу тенденциясын алады, халық санының 100 мыңға өсіміне байланысты 6,1 %. Бес жылдық өмір сүру 2009 жылы 47,1% құрды. Бастапқы диагностика 45%, 4 сатыда асқыну 12,2%, 3-4 сатыда төмендеу 20,4%-дан 18,3%-ға дейін.
Ауруға шалдығу бойынша 185,5 және 191,6 өсім анықталуда. Өлім көрсеткіші 100 мың халыққа 84,2-ден 80,5 –ке төмендеді. Бір деңгейде асқыну өткен жылмен салыстырғанда 12,7-12,2 %, ІІІ-ІV сатыда асқыну 20,4%-дан 18,3%-ға бірнеше төмендеді. Қатерлі ісіктердің жаңа түрлері ауруының 1-2 деңгейінің бастапқы диагностикасында ауруға шалдығу көрсеткіші жақсарды. Бұл емдеу сапасының жақсарғанын білдіреді.
2008 жылдың қараша айында онкодиспансер базасында алғаш рет қатерлі ісіктердің жаңа түрлері диагностика, топтық және аралас емдеудің қазіргі заманғы әдісі бойынша Бостон қаласының Гарвард университетінен американдық мамандардың қатысуымен мастер-класс өткізілді. Гарвард университетінің профессорлары халыққа жоғары білікті мамандандырылған онкологиялық көмек көрсету бойынша онкодиспансер ұжымының жоғары кәсіби деңгейдегі дайындығын бағалады. Мастер-кластың аяқталуында Гарвард университетімен онкология саласындағы біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде біріккен халықаралық ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойылды.
Барлық осы жетістіктер диспансер ұжымының үлесі. Жалпы денсаулық сақтау саласы және сонымен қатар біздің диспансердегі үлкен қиындықтарға қарамастан, медицина қызметкерлерінің әлеуеті қазіргі таңда да жоғары болып қалады.
Біздің диспансерде жоғары білікті мамандар қызмет атқарады. Стационарда 65 дәрігер, 116 медбике 74 кіші медицина қызметкерлері қызмет атқарады. Дәрігерлер категориясы 68 % құрайды.
Біздің дәрігерлер мыңдаған науқастарды емдеп, жүздеген адам өмірін сақтап қалды. Аурухана қызметкерлерінің арасында Денсаулық сақтау Министрлігі және денсаулық сақтау Департаментінің мақтау қағазы және алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» толуына орай медаль және мерекелік белгілермен марапатталған «Денсаулық сақтау үздіктері» бар. Диспансер ұжымы медициналық ұйым өміріне белсенді қатысады, жүлделі орындарға ие болатын түрлі шығармашылық және кәсіби байқауларға қатысады. Біліктілік деңгейімен жоғарылату мақсатымен дәрігерлер шетелде, жақын және алыс шет елдерде оқиды.
Бүгінде мереке қарсаңында халықтың денсаулығын сақтау ісіне 20 жылдан аса уақыт бар күшін салған медицина қызметкерлерінің атын атағым келіп отыр. Олар: Г.Б. Алдоңғаров, Г.С. Аяпбергенов, Т.М. Татиков, Т.М. Мұқышева, К.К. Жампеисов, К.Ж. Мақышев, С.А. Ушаков, Т.С. Кенже, Ю.В. Жуков, Б.Е. Жұлұмбетова, Б.С. Әлібекова, М.Н. Қойшықұлова, М.Г. Калин, Исабеков Абай Жұбанұлы, ал медбикелер қатарында Ж.Р. Айдабулова, Ахметова Дариға Садыққызы, Седова Клара Фрицевна, Г.М. Баяшева, Г.У. Смаилова, С.А. Иманова, А.Н. Оразбекова, Жаңабаева Жанна Әскерқызы, Икрамова Бахыт, Молшина Сәуре, Оразбаева Шынар Бектұрқызы және басқалар.
Стационардың жаңа ғимаратында әлемдік стандартқа сай бір немесе екі орындық жеке санузелді жабдықталған палата, қазіргі заманға сай медициналық аппараттармен жабдықталған 7 операциялық блок және 12 керуеттік реанимациялық бөлімше бар.
Онкологиялық науқастарға хирургиялық, химиотерапиялық, сәулелі, аралас және топтық емдеу әдістері жасалады.
Стационардың жаңа ғимаратында әлемдік стандартқа сай бір немесе екі орындық жеке санузелді жабдықталған палата, қазіргі заманға сай медициналық аппараттармен жабдықталған 7 операциялық блок және 12 керуеттік реанимациялық бөлімше бар.
Онкологиялық науқастарға хирургиялық, химиотерапиялық, сәулелі, аралас және топтық емдеу әдістері жасалады.
Онкологиялық диспансердің кадрлық әлеуеті және материалдық-техникалық базасы.
Қазіргі таңда Астана қаласының онкологиялық диспансері штаттық бірліктерге сай кешенденеді. Қала тұрғындарына онкологиялық диспансерден басқа емханалардағы 7 онкологиялық кабинет көмек көрсетеді. Диспансердің кадрлық әлеуеті жоғары, 5 медицина ғылымдарының докторы және профессорлар (Мәскеу қаласындағы Н.Н. Блохин атындағы Онкологиялық Ғылыми орталықтың түлектері), 10 медицина ғылымдарының кандидаты және доценттер, 15-тен астам жоғары кәсіби мамандандырылған дәрігер-онкологтар қызмет атқарады. Онкологиялық диспансер «Астана қаласының медицина университеті» АҚ студенттері, тағылымдамадан өтушілер мен курсанттар оқитын онкология кафедрасы және онкология саласындағы дәрігерлерді жетілдіру факультеті үшін клиникалық база болып табылады.
Ауысымда 380 амбулаторлық-емханалық келушілерге және 270 керуеттің клиниканың жаңа ғимаратқа көшірілуімен әлемдік стандартқа сәйкес материалдық-техникалық базаның толық қайта жабдықталуы аяқталуда:
-радиологиялық корпуста біздің республикада жоқ 600 СD үлгісінде CLINAC медициналық радиологиялық терапиялық жүйесін пайдалануға енгізілді, құрамында: 600 СD сызықты үдеткіш, топтамада жоспарлау жүйесі; сонымен қатар «GammamedPlus» түйіскен сәулелі гамма-терапиялық аппараты, Gulmay D3225 ортовольтті рендгенді терапия аппараты, Acuity санды симуляторы;
-рентгенді диагностикалық бөлімшеде төмендегідей аппарат жұмыс істейді:
«Orthophos 3» панорамалық рентгенді аппарат, «Heliodent Vario» интраоральды рентгенді аппарат, «AXIOM Iconos R100» диагностикалық рентгенді қондырғысы, Samatom Sensation 40 компьютерлі рентгенді томограф, MAGNETOM С 0,35 Тл магнитті-резонансты томограф, «Polymobil Pllus» мобильді медициналық рентгенді диагностикалық аппарат;
-клинико-диагностикалық зертханаға COBAS INTEGRA 400 Plus автоматты биохимиялық анализатор пайдалануға берілді, қан газының автоматтандырылған анализаторы, SYSMEX және KX-21N XS-1000і автоматтандырылған гематологиялық анализаторы; AVL9180 қан электролиттерінің анализаторы;
-7 операциялық стөлге операциялық блок хирургиялық консольдермен, жалпы хирургиялық, торакальды, урогинекологиялық және малоинвазиялық эндоскопиялық көмек көрсетудегі бейнеэндоскопиялық топтама; ARKO3000 ультра дыбысты диссектор; құралдары бар EGU 300 тіндердің электрохирургиялық лезисіне аппарат; топтамада KS медициналық үлгісіндегі маңдай лупа.
-12 көп функциялы керуетке арналған анестезиологиялық-реанимациялық бөлімше Life Scope BSM4103K керует асты мониторымен жабдықталған, 4008В гемосүзгішті және гемодиализге арналған аппарат, анестезиологиялық консолиі бар «Infusomat Spase Line» сериясының инфузоматтары. Диагностикалық бөлімшеге мыналар сатып алынды және қызмет етеді: топтамадағы LOGIQ ультрадыбысты диагностикалық медициналық портативті жүйе; фиброцистоскоп; «Фотометр 5010» бағдарланған фотометриялық жүйе;3\6 каналды портативті электрокардиограф; 6\12 каналды портативті электрокардиограф; РК-МТ-5№001712 (30.12.2003) топтамадағы «Neurofax EEG 1100K электрокардиограф; эндоскопиялық консоль; топтамада малоинвазиялық эндоскопиялық көмек көрсету құралдарының жиынтығы; «Pentax « бронхофиброскоп, топтамадағы FB TV үлгісі; топтамадағы бейне колоноскоп; топтамадағы бейнегастродуоденноскоп; урологиялық операция жасауға бейнеэндоскопиялық жинақ; гинекологиялық операция жасауға арналған бейнеэндоскопиялық жинақ.
-Патоморфологиялық қызмет мыналармен жабдықталған: гистология, цитология, гематология және микробиологияда тіндерді бояу автоматымен, «Axio» сериясындағы «Axiostar» үлгісіндегі медициналық микроскоп құралдарымен; «Axio» медициналық сериясындағы «AxioScop» үлгісінде микроскоп құралдарымен; BD FACSalibur ағынды автоматтандырылған цитофлюрометр (цитометр); қатқан кесінділерді бояуға арналған криостат жинағымен; иммоногистохимияға арналған жинақ.
Жоғарыда аталған барлық медициналық құралдар АҚШ, Германия, Англия, Жапония, Финляндия және басқа да SIMENS. NASSETTI. MERIVAARA. DRAGER. KARL STORZ. SOERIUG. VARIAN. CARL ZEISS. ACSCULAP фирмаларының медициналық техника және құралдарын шығарудағы әлемдік лидерлермен жасалған. Қала тұрғындары санының өсуіне және аурудың өсу тенденциясы бар, қазіргі заманға сай материалды-техникалық жабдықталған жаңа онкологиялық клиниканың болуы, біздің көзқарасымыз бойынша, онкологиялық диспансер статусының өзгеру аргументі және Ұлттық Ғылыми Онкологиялық Орталықтың құрылуында негізделген алғышарты болып табылады.